Dior-дың сауықтыру жобасы аясында өтетін шеберлік сабақтары, SPA-процедуралар және жасыл бақтағы демалыс жайлы оқи отырыңыз.
Сәуірдің 19-22 күндері аралығында Dior велнес-ретриті өтеді. Бұл шара алғаш рет Француз Ривьерасының інжу-маржаны саналатын Hôtel du Cap-Eden-Roc (Антиб) қонақ үйінде ұйымдастырылады. Орналасқан жері ерекше – Жерорта теңізінің толқындары ұрған жартастар мен гүлге оранған бақтардың арасында.
Төрт күндік бағдарламасына Dior сарапшыларымен жеке пилатес және тамақтану бойынша консультациялар, топтық және жеке шеберлік сабақтары, сондай-ақ күн сайынғы Dior Spa процедуралары кіреді. Сонымен қатар қатысушыларға трансфер, welcome drink және welcome pack, Hôtel du Cap-Eden-Roc қонақ үйінде үш түн, таңғы ас, түскі және кешкі ас, Dior-дың wellness pack жиынтығы, барлық іс-шараларға, хаммамға, саунаға және бассейнге қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
Жалпы құны – адам басына 26 000 еуро.



