Өмірден ең жақсысын алуға дағдыланған адамдар үшін астрологиялық тұсбағдар - Tatler жұлдызнамасы

Желтоқсан – өткенге қарап ой толғап және жаңа жетістіктерге дайындалуға арналған ай. Жыл қорытындысын жасап, болашақ жоспарларыңызды құрыңыз: Мерген белгісі сізді саяхаттар мен биік мақсаттарға ынталандырады. Есіңізде болсын, желтоқсан – үзіліс пен сабырлық уақыты. Бұл айда қарбаластыққа емес, дәл әрі нық қадамдарға мән беріңіз. Жоспарыңыз айқын, арманыңыз асқақ болсын! Жұлдыздар сізге өз көмегін беруге дайын. Бұл ай сізге ойларыңыз бен істеріңізді ретке келтіріп, артық әбігерсіз тыныштықта әрекет етуге мүмкіндік береді. Көзге көрінбейтін дедлайндарға ұмтылмаңыз. Желтоқсанды ақылмен өткізсеңіз, 2025 жыл сіздің қалауыңызға сай басталады. Және осы топтамадағы жұлдыз жорамал алдағы  хаоста аспаныңызды да, жолыңызды да шайдай ашады.

 

Тоқты

Желтоқсанның ұраны: ақша тыныштықты жақсы көреді. Бар күшіңізді жұмыс пен жеке жобаларға арнаңыз. Шолпан жұлдызы сізге күміс табақтағы тәтті трюфельдей жаңа мүмкіндіктер сыйлағалы тұр. Бірақ несие алмаңыз – бұл ай сіз үшін қаржылық кеңесші емес, қаржылық психолог секілді қызмет етеді.  


Торпақ 

Желтоқсан өткенге деген өкпені ұмытып, жаңа мақсаттарды қайта қарауды сұрайды. Бір сәт тоқтап, мен өзі дұрыс бағытта келе жатырмын ба деген сұраққа жауап іздегеніңіз жөн. Жеке өмірде сабырыңыз сынға түскелі тұр. Жалғызсырап жүрсіз бе? Қасыңыздан жақсы бір адам табыла кетуі әбден мүмкін. Бірақ кірпияздануға жол бермеңіз – сыйластық маңыздырақ.  


Егіздер

Аздаған детокс пен дұрыс тамақтану – сізді шыршаның жұлдызындай жарқыратпақ. Жеке өмірде және жұмыста бәрі қызу қарқынмен жүріп жатыр, бірақ цифрлық детоксқа күніне кем дегенде бір сағат бөліңіз. Телефонды қойып, жан-жағыңыздағы адамдарға үңіліңіз. Қиын шығар, бірақ дұрысы – сол.  


Шаян 

Нағыз шығармашылықтың айы болмақ. Идеялар тасқынынан бас айналғанымен, іске асыруға күш аз. Тек ең қызықты жобаларды таңдаңыз. Ескі таныстар мен ойлар өміріңізге қайта оралуы мүмкін. Алайда алдымен бастаған істі соңына жеткізгеніңіз абзал. Сонда ғана жаңа дүниелерге орын болады. 


Арыстан  

Отбасына да, үйдегі шаруаларға да үлгересіз. Бір бұрыштан мансаптың мүмкіндіктері де сығалап тұр. Десе де, бұл айда жақындарыңызбен үйлесім табуды мақсат етіңіз. Одан соң ғана кәсіби ұсыныстармен айналысыңыз. Қарбалас еңбек, түбінде бәрін жеңбек!


Бикеш

Желтоқсан – сіз үшін білім мен тәжірибені жинақтайтын кезең. Курстар, дәрістер, жаңа таныстықтар – ақпарат ағыны шексіз болғалы тұр. Ең бастысы – білімді жай жинап қана қоймай, өміріңізге енгізуді ойлаңыз. Жапон асханасын үйренуден бастап, қор нарығының негіздерін меңгеруге дейінгі кез келген экспериментке дайын болыңыз.  


Таразы  

Қаржы саласында желтоқсан сізге мейірімді Аяз Ата секілді болғалы тұр. Сый-cыяпаты көп. Жаңа жылға дейін ескі қарыздарды жабыңыз, кірістерді көбейтудің жоспарын құрыңыз. Отбасыңыз да көбірек назар аударуды қажет ететіндіктен, жұмсақ әрі алғыс айтуға бейім болыңыз. Өміріңіздің кей тұстарына бәлкім пәлсапа тұрғысынан қарап көрерсіз? 


Сарышаян 

Желтоқсанның ортасына дейін бүкіл ғаламның орталығы - бір өзіңіз болғалы тұрсыз. Өзгерістер уақыты келді: жаңа киім үлгісінен бастап, бизнесіңіздің ребрендингіне дейін жаңаратын сәт туды. Өткен қарым-қатынастарды саралап, қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз. Жеке өмірдегі үйлесімдің “нені қалаймын” мен “нені қажет етемін” дегеннің арасынан табасыз. 


Мерген

Желтоқсан сізді сәл тоқтап, ішкі әлеміңізге назар аударуға шақырады. Медитация, йога, өзіңізбен сұхбаттасу сынды тәсілдер жеке дамуыңыздың кілтіне айналмақ. Өткен істерді аяқтаңыз немесе оларды жүрегіңізден алып тастауға тырысыңыз. Сондай-ақ, денсаулығыңызға мән беріңіз – ол сіздің ең үлкен байлығыңыз.  


Тауешкі 

Желтоқсанда Шолпан жұлдызы сәніңізге сән қосқандай. Сіз жарқырап тұрсыз. Ал айналаңыздағы адамдар сізден көз ала алмай тұр. Кездесулер, жиындар мен романтикалық кездесулер үшін таптырмас кезең. Күтпеген ескі байланыстар пайда болуы мүмкін. Шабытты шығармашылыққа жұмсаған жөн.


Суқұйғыш 

Желтоқсан мансаптағы тосын сыйларға толы, бірақ уақытты қатаң басқаратын ай болғалы тұр. Үй шаруасы сізді алаңдатуы мүмкін, бірақ сіз бұл қиындықтарды оңай еңсересіз. Шығындарды қадағалаңыз – жаңа жылдық сауда-саттыққа асығыстықпен кіріп, бюджетіңізді бұзып алмаңыз.  


Балықтар

Нағыз жаңа мүмкіндіктер айы болмақ. Білім, саяхат, жаңа байланыстар – бәрі сізге сенімділік сыйлайды. Өзіңізге сенімді бола түсіңіз. Әріптес пен дос біткен түгел сізді үлгі тұтпақ. Ескі жобаларды қайта қарап, болашаққа ненің қажет екенін шешкеніңіз абзал.