Сіз үшін осы аптаның жұлдызнамасын даярладық

Желтоқсанның алғашқы аптасы – ай күнтізбесі мен астрологияның сағат тілі Сарышаянды көрсететін сәт. Бұл кезеңде жасырын дүниелер жария болып, жеке өміріңіз біраз қыза түседі. Сарышаян драма мен қайшылықтарды ғана емес, сонымен қатар құштарлық пен терең сезімдерді де оятады. Сондықтан апта батылдықты, шынайылықты және сарказмды көптеп қажет етеді. Сонда ғана күтпеген келеңсіздіктерден аман өтесіз.

Ретроградты Меркурий алыстағы ауылдан бар жүгін арқалап кеп, төріңізге шығып алғанын байқамадыңыз ба? Өзгелермен түсінісе алмай жүрсеңіз, сол Меркурийден көріңіз. Жалпы бұл аптада келіссөздер, мәмілелер, тіпті қарапайым әңгімелер далбасаның жетегінде кетуі ғажап емес. Сондықтан әрбір сөзіңізді байыппен, мұқият таңдап сөйлеңіз. Ерніңіз емес, тіліңіз де күйіп қалмасын десеңіз, әрине. 

Енді желтоқсан айы әр жұлдыз белгісіне қандай сынақ мен мүмкіндік ұсынып жатқанын біздің жұлдызнамадан біле отырыңыз:

 

Тоқты

Өзгерістер осы аптада да сізді жайыңызға қалдырмайды. Ақшаға сақ болыңыз. Әсіресе бөтен біреудің ақшасы болса. Эмоцияның толқындарына да ерік бермеген абзал. Сілкінісі мол айда, негізінен, арқа сүйейтін адамдарыңыздың көмегіне жүгінгеніңіз жөн. 

Торпақ

Келіссөздер – апта бойы басты қызметіңізге айналады. Бірақ әрбір сөз алтынның құнындай екенін ұмытпаңыз, әсіресе ол сүйіктіңізге арналған болса. Жұлдыздар сіздің қазір сезімтал екеніңізді әрі өзгенің сезіміне де бейжай қарауыңыз мүмкін екенін ескертеді. Терең тыныс алып, бәрін сабырмен қабылдаңыз.

Егіздер

Күнделікті істеріңізге назар аударатын сәт келді. Жеке жұмыстарыңызды, күн тәртібіңізді, тіпті тоңазытқышыңызды тазалау – күтпеген терапиялық әсер беруі мүмкін. Бірақ бастысы – тепе-теңдік: сондықтан демалуды ұмытпаңыз. Денсаулыққа қамқорлық мақсат емес, міндетке айналған шақта, күтініп жүріңіз. 

Шаян

Осы аптаның назары – балалар мен шығармашылық жобаларда болу керек. – сіздің басты алаңыңыз. Өзіңізден жас буынның қитұрқы әрекеттері мен асау амбиция көңіліңізді алаңдатуы мүмкін. Сондықтан ойыңыздағы артық дүниелерден арылған жөн. Қарбаласты сылтау етпей, басыңызға келген тың идеяларды қойын дәптеріңізге жаза жүріңіз. Арасында сізге абыройды да, ақшаны да әкелетіндері болады.

Арыстан

«Мені бақытты ететін не нәрсе?» – осы аптадағы басты сұрақ осы! Егер жауап табу қиын болса, ризашылық күнделігін бастаңыз. Кейде өмірдің рахатын толық сезіну үшін өзіңіздің қаншалықты “бай” екеніңізді есіңізге түсіру жеткілікті. Себебі, байлық - қанағатта!

Бикеш

Осы апта ақпараттың түр-түрі өзіңізге толассыз келіп жатады. Сондықтан, ақ пен қараны айырып алу маңызды. Әріптестер мен таныстар әңгіме-дүкені қанша елітіп бара жатса да, ұстамды болғаныңыз жөн. Әр жағдайды сабырмен бақылаңыз да, күшіңізді орынсыз талас-тартысқа жұмсамаңыз.

Таразы

Тұрақтылық сіздің осы аптадағы негізгі күшіңіз болмақ. Қауіпті қадамдардан аулақ болыңыз: инвестициялардан бастап, кез келген кездейсоқ мансап шешімдеріне дейін сақ болған жөн. Қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, кәсіби кеңесшілерге жүгінгеніңіз абзал. Сіздің жетістігіңіз үшін тәртіп пен ақыл қажет екенін естен шығармаңыз.

Сарышаян 

Бұл аптада сіз жарқырай түсесіз. Бұл айналыңыздың назарын өзіңізге аударып, ақыл мен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсететін шақ. Бірақ жеке өміріңіз сәл күрделене түседі: себебі қосағыңыз айна іспетті бар кемшілігіңізді сізге өз әрекетімен көрсетеді. Именбей, өзіңізге шынайы қарауға дайынсыз ба?

Мерген
Саяхат – жоғары жауапкершілікті талап етеді. Тіпті көрші қалаға сапар шексеңіз де, бәрін екі рет тексеріңіз. Сауда-саттыққа да абай болыңыз: ойды бұрмалаған ұсақ-түйек бюджетіңізді жұқартып жіберуі мүмкін. Шорт қабылданатын шешімдерден де аулақ болыңыз. Себебі желтоқсан хаостың емес, тиянақты жоспарлаудың уақыты. 

Тауешкі

Еңбекқорлық – сізді жетістікке жетелер тура жол екенін естен шығармаңыз. Осы аптада бастаған істеріңіз тек ақша ғана емес, абырой да әкелуі мүмкін. Ең ессіз идеяларды да әріптестеріңізбен бөлісіңіз – жұмыла көтерген жүк жеңіл болады.

Суқұйғыш 

Жұмыста әлдекімнің сабан астынан су жүгірткенін байқадыңыз ба? Даурықпаңыз. Асықпай бақылаңыз. Сіз аңғарған дүние өз пайдаңызға қолданар көзірге айналуы мүмкін. Ең бастысы – басшылықпен дауласа көрмеңіз. Қатты қалап тұрсаңыз да, сабыр түбі – сары алтын.

Балықтар

Бақыт құсы басыңызға қонды! Осы айда айыңыз оңынан туып, жолыңыз болады. Бастысы, айналаңыздағы оқиғаларға мұқият болыңыз. Себебі ең кішкентай деген кездейсоқ жағдайлар да өміріңізге маңызды өзгерістер әкелуі мүмкін. Және тағдыр сізге тосын сыйлар әзірлеп жатыр, құшақ жая қабылдаңыз!