Еңбек пен демалыс арасындағы тепе-теңдік: workation — қашықтан жұмыс істеу әлемінің жаңа тренді
Workation атауы - work (жұмыс) және vacation (демалыс) сөздерінен құралған ұғым, кеңседен, тіпті үйден тыс, әркімнің өзіне ыңғайлы жерден жұмыс істеу үрдісі. Алғаш рет 2013 жылы шыққан Huffington Post мақаласында қолданылған бұл термин «постковид кезеңіндегі» қашықтан жұмыс істеу трендінің арқасында танымал болды. Жұмыс беруші тарапынан берілетін қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі мен қызметкердің авантюризмі — концептінің маңызды элементтері. Workation-ді business (бизнес) және leisure (демалыс) сөздерінен құралған bleisure терминімен шатастырмаған жөн — екі ұғым бір-біріне ұқсас болғанымен, bleisure жұмыс сапарын демалыспен үйлестіруге көбірек келеді.
Үлкен артықшылықтары бар жаңа тұжырымдама
Work-life balance (жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік) концепциясы заманауи өмір салтының ажырамас бөлігіне айналды. Корпоративтік мәдениетіне қызметкерлерді ынталандыру құралдарын енгізіп, олардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылатын компаниялар саны әлем бойынша артып келеді. Мұндай компанияларға ресми жүйеден алыстап, кеңселерді жайлы етіп жабдықтау, геймификация арқылы күнделікті жұмысты жеңілдету сияқты амалдар да жат емес. Трендтің сыры заманауи қызметкерлердің басымдылықтарында жатыр — олар тек қаржылық сыйақы мен корпоративтік миссияны ғана емес, сонымен қатар икемді жұмыс кестесі бар, жайлы жұмыс жағдайын қажет етеді.
Қызметкерлердің қажеттіліктері мен өтінімдеріне құлақ асу стратегиялық маңызы зор тапсырмаларды тиімдірек орындауға, сондай-ақ кадрлардың ауысуын азайтып, олардың күйзелу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Пандемия кезінде амалсыздықтан іске қосылған қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі қазір қызметкерді ынталандыру құралына айналды. Сонымен қатар көптеген компаниялар қашықтан жұмыс істеу жүйесіне толық өтіп, кеңсе шығындарын айтарлықтай азайып жатады. WorkFlex (еңбек ресурстарын басқару және сәйкестік процестерін оңтайландыру бойынша кеңесші) жүргізген зерттеуге қатысқан респонденттердің 96%-ы қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігінің арасында жұмысына қанағаттана бастаған айтса, 97%-ы оны жұмыс орнын таңдаудағы маңызды фактор деп санайды екен. Қалған 52%-ы қашықтан жұмыс істеу күйзелістен алшақ болып, өнімділікті арттыруға көмектесетінін атап өтіпті.
Сонымен қатар workation шағын бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді, өйткені адамдар туристік инфрақұрылымы жақсы дамыған орындарға барғанды жөн көреді. Алайда міндетті түрде шетелге барудың қажеті жоқ — қала маңында орналасқан, табиғаты әдемі жерден де жұмыс істеуге болады. Ең бастысы — сапалы интернеттің болуы.
Не кедергі болуы мүмкін?
