Бутик-отельдерге деген махаббат пен ерекше бағыттар. 2025 жылы тиімді саяхаттауға болатын жерлер туралы әңгімелейміз.
Сингапурда жыл сайынғы International Media Marketplace (IMM; ағылшын тілінен аударғанда – Халықаралық медиа маркетплейсі) конференциясы өтті. Туризм индустриясының өкілдері, журналистер және контент әзірлеушілер 2025 жылғы саяхаттау үрдістерін талқылады.
Өлшемнің маңызы зор
Туристер бөлмелерінің саны 100-ден аспайтын шағын отельдер мен бутик-отельдерді ұнатады. Мұндай демалыс орындары ерекше дизайнымен, қоршаған ортаға тигізетін әсерінің аздығымен, жергілікті халықпен байланыс орнату мүмкіндігімен және жалпы атмосферасымен ерекшеленеді. Саяхатшылар күнделікті күйбең тіршіліктен алыстап, жаңа жердің атмосферасына бөленгісі келеді.
Бейтаныс бағыттар
Туристер жаңа жерлерді ашуға құмар. Мексикадағы Сан-Мигель-де-Альендені, Португалиядағы Синтраны немесе Жапониядағы Фураноны мысал ретінде келтіруге болады. 2025 жылдың ерекше туристік бағыттарымен Lonely Planet басылымы сайтында танысуға болады.