IMAGE Mercedes-Benz C 111-II (оң жақта) және 1957 жылғы Mercedes-Benz SLS O'Shea (сол жақта) ICE St. Moritz. | Mercedes-Benz

The I.C.E. St. Moritz – әлемдегі ең таңдаулы автокөліктер жиналатын бірегей іс-шара

Бүгін Швейцариядағы Альпі тауларында орналасқан Санкт-Морицтің мұз қатқан көлінде жыл сайынғы THE I.C.E. St. Moritz автокөлік фестивалі басталды. Бұл – көлік әлемінің әуесқойлары, классика жанкүйерлері мен коллекционерлер үшін нағыз мереке. Биыл іс-шара 21-22 ақпан аралығында өтеді. THE I.C.E. атауы International Concours of Elegance («Халықаралық кербездік конкурсы») деген мағынаны білдіреді. Екі күнге созылатын іс-шара аясында автокөрмелер, шоулар және мұз үстінде жарыстар ұйымдастырылады.

2025 жылы фестиваль бес санат бойынша өтеді: Barchettas on the Lake – классикалық родстерлер (үсті ашық екі адамдық спорткарлар), Open Wheels – аты аңызға айналған жарыс көліктері, Concept Cars & One Offs – бірегей прототиптер, Icons on Wheels – өз дәуірінің культтік модельдері, Racing Legends – әйгілі жарыс көліктері. Өткен жылдардағы жеңімпаздарды іс-шараның ресми сайтындағы Даңқ залынан көруге болады. Best in Show атағына лайық деп танылған ең үздік көліктің иесі әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер әзірлеген күміс трофеймен марапатталады.

Tatler Asia
IMAGE ICE St. Moritz | Instagram @theicestmoritz
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Бұл ерекше іс-шараны ұйымдастыру идеясының авторы – энтузиаст Марко Макауса. 1985 жылы ол Санкт-Мориц көлінде Cresta Run жарысының 100 жылдығын атап өтіп жатқан британдар мен шотландтарды байқаған. Олар мұз үстінде Bentley-дің винтаж көліктерімен жүріп өткен еді. Ал қазіргі The I.C.E. St. Moritz шарасы ресми түрде 2019 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Темы