А$AP Rocky мен Gufram Design Miami 2024 іс-шарасы барысында жаңа Skyline Carpet коллаборациясын ұсынды.
Рэпер әрі дизайнер А$AP Rocky италиялық Gufram жиһаз брендімен күш біріктіріп, Design Miami 2024 іс-шарасы барысында жаңа Skyline Carpet коллаборациясын ұсынды. Кілемге Манхэттен орталығының панорамасы бейнеленген, кей әйгілі ғимараттар тіпті көлемді миниатюра түрінде кескінделген. Бұл ғимараттар кілем бетінен жоғарырақ тұрып, үш өлшемді қала пейзажы эффектісін құрайды. Фирмалық Gufram полиуретанынан жасалған кілемнің тек қана тоғыз данасы бар.
А$AP Rocky Skyline Carpet-ті бейнелеу және сәулет өнерлерін, сондай-ақ функционалдықты біріктірген Нью-Йорк рухының бейнесі деп сипаттады: «Нью-Йорк — мен үшін ыстық қала. Бұл жер дизайнерлік жобаларымыз сияқты инновация мен динамизмді айқындайды».


Негізі 1966 жылы қаланған, италиялық Gufram бренді өзінің инновациялық поп-дизайн бұйымдарымен әйгілі. Ең танымалы туындылары деп Восстың ерін пішініндегі диваны мен ерекше Pratone орындығын айтуға болады.
Бұл — А$AP Rocky-дің Gufram-мен бірге жасаған екінші коллаборациясы. Skyline Carpet А$AP Rocky HOMMEMADE дизайнерлік студиясының Galaxy коллекциясына тиесілі. 2022 жылы А$AP Rocky мен Gufram Shroom CACTUS® бұйымын ұсынды — 1972 жылғы бәріне таныс CACTUS® киім ілгішінің саңырауқұлақпен безендіріліп, қайта жаңғырған үлгісі. «Роккимен, сондай-ақ оның HOMMEMADE брендімен құрған серіктестігіміз Shroom CACTUS® арқасында пайда болған серпілісті одан әрі күшейтуге мүмкіндік беріп отыр. Роккидің арманын әрі эстетикалық көзқарасын қиял мен функционалдықтың астасуынан пайда болған, ұстап көруге болатын бұйымдарға айналдырудан еш талмаймыз», – дейді Gufram брендінің креативті директоры Charley Vezza.