Поп-аптар, кастомизация, детальдерге мән беру — мұның бәрі Сеулді идеялар әлемінің көшбасшысына айналдырған құралдар. Doing Great Agency командасы ой бөліседі
Сеул — адамды таңғалдыра алатын қала. Жақында Doing Great Agency негізін қалаушылар Таня Пантелеева мен Катя Штарева Сеулге саяхаттап, өздеріне шабыт берген дүниелер туралы гид дайындады. Онда трендтер, идеялар және сүйікті орындар — жобаларыңыз бен ой өрісіңізді кеңейтуге қажет заттың бәрі бар.
Оқып, шабыт алайық!
Біз жақында Сеулдегі нағыз «көпті көру іссапарынан» оралдық. «ВАУ» сөзін өмірімізде бұрын-соңды мұншалықты көп айтпаған шығармыз.
Көзге түскен қызық жайттар мен оларды жоба аясында қалай қолдануға болатыны туралы әңгімелейміз.
Әсер алу маркетингі: әлемде жаңа бір нәрсе пайда болса, ол Кореяда баяғыда ойлап табылған болып шығып, шарықтау шегіне жетіп тұрады. Кез келген дүкен, кафе, не үшінші орын (үй мен жұмыс орнынан бөлек жерлер, мысалы, кафе немесе паб — Tatler) сізді таңғалдырып, есте қалуды мақсат етеді және оған жетеді!
Жекелендіру
Корея коммерциялық тәжірибеңізді барынша жекелендіруге тырысады. Қалай дейсіз бе? Қонақтың аты жазылған хош иістер, шоурумдағы моншақ әшекей жасайтын поп-ап аймағы, биркасына жеке символ салынған сөмке немесе үш қабатты Crocs джибитстері дүкені. Жекелендіруге болатынның бәрі жекеленген түрде ұсынылады.
Жергіліктендіру
Жаңа дүкен ашқанда (қалада не ауданда) брендтер эксклюзивті тауар дайындайды. Мысалы, Amuse бренді Каннам ауданындағы поп-ап дүкенінің ашылу құрметіне эксклюзивті, қызыл қақпақты крем шығарған болатын. Ал Сеулдегі Starbucks «Korea only drinks» тақтайшаларын мақтана іліп, келушілерге Кореяға арнап жасалған, 10 элементтен тұратын коллекциясын ұсынады. Жаңа Maison бутигінде сауда жасаған адамдарға жай ғана шопер емес, Seoul, Korea фразасы бейнеленген шопер береді.

