IMAGE ihg.com

Қазақстандықтар арасында жаңа саяхат бағытына айналған Қытай: көрсең, көзің тоймас қонақ үйлер

Экзотиканы да, жайлылықты да, бай мәдениетті де қамти алған Қытай елінің Қазақстан саяхатшылар арасындағы беделі артып келеді. Шанхайдың ультра заманауи ғимараттарынан Гуанси таулары маңындағы оңаша бақтарға дейін әрбір детальге, эстетикаға ерекше көңіл бөлінеді. Сәнді де сырбаз дизайнерлік отельдер қарапайым қонақ үйлерден жергілікті сарындар мен табиғи және урбанистік элементтердің үйлесімімен ерекшеленеді. Сіздерге арнап Қытайдың ең әсерлі әрі суретке түсіруге тұрарлық отельдерінің тізімін жасадық. Қолыңыздағы must see list тізіміне енгізуді ұмытпаңыз.

Aman Summer Palace, Бейжің

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 Aman Summer Palace, Бейжің | aman.com
Фото 2 из 4 Aman Summer Palace, Бейжің | aman.com
Фото 3 из 4 Aman Summer Palace, Бейжің | aman.com
Фото 4 из 4 Aman Summer Palace, Бейжің | aman.com
Aman Summer Palace, Бейжің
Aman Summer Palace, Бейжің
Aman Summer Palace, Бейжің
Aman Summer Palace, Бейжің

Aman Summer Palace курорты Бейжіңнің әйгілі Жазғы сарайының маңында орналасқан. Отель император қонақтарын қабылдау үшін 100 жылдан астам уақыт бұрын салынған бірнеше павильоннан тұрады. Интерьері антикварлық жиһаз бен жібек матасын пайдалана отырып, дәстүрлі қытай стилінде безендірілген. Отельде спа- орталық, жабық бассейн, кітапхана, сонымен қатар қытай және батыс тағамдарын ұсынатын бірнеше мейрамхана бар.

Отель 1988 жылы құрылған Aman желісіне қарайды. Aman-ның құрамына әлем бойынша орналасқан 30 курорт кіреді. Олар жайлылық пен оңашалықты қажет ететін адамдардың панасына айналған олардың әрқайсысы жергілікті табиғат пен мәдениеттің әсемдігін айқындайтынымен ерекшеленеді.

PuXuan Hotel & SPA, Бейжің

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 6 PuXuan Hotel & SPA, Бейжің | thepuxuan.com
Фото 2 из 6 PuXuan Hotel & SPA, Бейжің | thepuxuan.com
Фото 3 из 6 PuXuan Hotel & SPA, Бейжің | thepuxuan.com
Фото 4 из 6 PuXuan Hotel & SPA, Бейжің | thepuxuan.com
Фото 5 из 6 PuXuan Hotel & SPA, Бейжің | thepuxuan.com
Фото 6 из 6 PuXuan Hotel & SPA, Бейжің | thepuxuan.com
PuXuan Hotel & SPA, Бейжің
PuXuan Hotel & SPA, Бейжің
PuXuan Hotel & SPA, Бейжің
PuXuan Hotel & SPA, Бейжің
PuXuan Hotel & SPA, Бейжің

PuXuan қонай үйі 116 көркем безендірілген бөлме мен люкстерден тұрады. Мұнда спа және фитнес орталықтары мен екі жоғары деңгейлі ресторан бар: франциялық Rive Gauche мен Мишлен жұлдызына ие қытайлық Fu Chun Ju. PuXuan қонайқ үйі дербестендірілген қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Мұнда әр қонақтың Бейжіңді жеке аралауына арналған тур ұйымдастыра алатын консьерж бар. Отельдің интерьерінде заманауи дизайн мен дәстүрлі қытай элементтері астасып жатыр. 

Amanyangyun, Шанхай

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Фото 2 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Фото 3 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Фото 4 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Фото 5 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Фото 6 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Фото 7 из 7 Amanyangyun, Шанхай | aman.com
Amanyangyun, Шанхай
Amanyangyun, Шанхай
Amanyangyun, Шанхай
Amanyangyun, Шанхай
Amanyangyun, Шанхай
Amanyangyun, Шанхай
Amanyangyun, Шанхай

Amanyangyun курорты — 400-500 жылдан бері тұрған 13 тарихи вилла мен 24 заманауи люкстен құралған, қонақтарына ежелгі Қытай әсемдігімен қоса, XXI ғасыр жайлылығын ұсынатын бірегей кешен. Amanyangyun тарихы мәдени мұраны сақтау жөніндегі жобадан бастау алады. Шанхайдан жүздеген шақырым жердегі Цзянси провинциясында орналасқан көне үйлер тегіс қалаға көшірілген. Көне виллалармен қоса отель аумағында сізді мыңжылдық ағаштарымен танымал камфора орманы да құшақ жая қарсы алады. Мұндағы ағаштар да сонау жерден көшіріліп әкеліп, қайта отырғызылған. 

Отель аумағында мәдени орталық бар, онда каллиграфия, қытай сурет өнері мен музыкасы сияқты бағыттар бойынша шеберлікті шыңдайтын сабақтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ қонақтар дәстүрлі қытай тағамдарын да, олардың заманауи түрлерін де ұсынатын бірнеше мейрамханада тамақтана алады.

LUX* Chongzuo, Гуанси

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 2 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 3 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 4 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 5 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 6 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 7 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 8 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com
Фото 9 из 9 LUX* Chongzuo, Гуанси | luxresorts.com

Гуанси өңірінде оңаша тұрған LUX* Chongzuo отелі табиғатқа мейлінше жақын болғысы келетін жандарға арналған. Терезеден көрінетін ғажап карст таулары мен сарқырамалар қарбаластан бір сәт демалып, көз тоймас табиғаттан жаңа күш алуға мүмкіндік береді. Таңқалдырар пейзаждар хайкинг, велосипедпен жүретін турлар, сондай-ақ курорт аумағында сылдырап аққан өзенде қайықпен жүзу сияқты қызықтардың таңғажайып фонына айналады.

Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай | ihg.com
Фото 2 из 4 Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай | ihg.com
Фото 3 из 4 Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай | ihg.com
Фото 4 из 4 Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай | ihg.com
Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай
Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай
Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай
Intercontinental Shanghai Wonderland, Шанхай

88 метрлік тастанды карьердің орнында бой көтерген бұл отель сәулет өнерінің шоқтығы биік туындысына айналып, қонақ күту индустриясындағы жаңашылдыққа жол ашқан. 18 қабатты Intercontinental Shanghai Wonderland-тың 16 қабаты жартасқа кіріктіріп салынса, екеуі су астында жатыр. Карьердің тіп-тік жарына ғимарат салу инженерлер мен сәулетшілер үшін қиынға соққаны сонша, отельді жобалауға шамамен он жыл уақытын жұмсаған. Отель табиғи ландшафтпен әдемі үйлесім тапқан. Ал әйнек қасбет айналадағы тас пен суды кескіндеп, Intercontinental Shanghai Wonderland-ты сәулет өнері туындысына айналдырады.

Hotel Eclat, Бейжің

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 6 Hotel Eclat, Бейжің | eclathotels.com
Фото 2 из 6 Hotel Eclat, Бейжің | eclathotels.com
Фото 3 из 6 Hotel Eclat, Бейжің | eclathotels.com
Фото 4 из 6 Hotel Eclat, Бейжің | eclathotels.com
Фото 5 из 6 Hotel Eclat, Бейжің | eclathotels.com
Фото 6 из 6 Hotel Eclat, Бейжің | eclathotels.com
Hotel Eclat, Бейжің
Hotel Eclat, Бейжің
Hotel Eclat, Бейжің
Hotel Eclat, Бейжің
Hotel Eclat, Бейжің
Hotel Eclat, Бейжің

Бейжіңнің дәл ортасындағы бутик-отель футуристік Parkview Green FangCaoDi кешенінде, яғни қаланың бетке ұстар нысандарына айналған әйнек пирамиданың ішінде орналасқан. Отельде өз террасалары мен бассейндері бар 100 шақты салтанатты бөлме мен люкс қонақжайлар бар. Hotel Eclat Beijing отелінің басты ерекшеліктерінің бірі — аса ірі заманауи өнер коллекциясы. Мұннан Сальвадор Дали, Энди Уорхол және Цзэн Фаньчжи сияқты аты әлемге танылған қылқалам шеберлерінің туындыларын таба аласыз. Соның арқасында отель Бейжің ғана емес, күллі Қытайдың ең әсерлі әрі есте қалар отельдерінің бірі де бірегейі. 

Alila Yangshuo Hotel, Гуйлинь

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Alila Yangshuo Hotel, Гуйлинь | beijing-hotels-china.com
Фото 2 из 3 Alila Yangshuo Hotel, Гуйлинь | beijing-hotels-china.com
Фото 3 из 3 Alila Yangshuo Hotel, Гуйлинь | beijing-hotels-china.com

Отель 1960-шы жылдардағы қант зауытының орнында, көздің жауына алар Яншо карст тауларының маңында орналасқан. Alila Yangshuo отелі зауыттың кірпіш қабырғалары мен бетон бағаналарының осы күнге дейін қаз-қалпында сақталуыен ерекше. Оған қоса интерьер ағаш пен тас сияқты табиғи материалдармен де толықтырылған. Отельдің минимализм стиліндегі байсалды дизайны қытай сәулет өнері эстетикасына, қоршаған ортаның ұлылығына нұсқайды. Бөлмелер мен виллалар бейтарап реңктермен, сондай-ақ табиғи материалдар және текстуралармен әрленген. Бөлмелердің төбесі биік, терезелері үлкен. Соның арқасында қонақ үй дизайнымен біте қайнасып жатқан сырттағы ландшафтты түгел көз алмай зерттеуге болады. 

Capella Shanghai, Шанхай

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 5 Capella Shanghai, Шанхай | capellahotels.com
Фото 2 из 5 Capella Shanghai, Шанхай | capellahotels.com
Фото 3 из 5 Capella Shanghai, Шанхай | capellahotels.com
Фото 4 из 5 Capella Shanghai, Шанхай | capellahotels.com
Фото 5 из 5 Capella Shanghai, Шанхай | capellahotels.com
Capella Shanghai, Шанхай
Capella Shanghai, Шанхай
Capella Shanghai, Шанхай
Capella Shanghai, Шанхай
Capella Shanghai, Шанхай

Capella Hotels & Resorts желісіне қарасты қонақ үй қытай және француз сәулет өнерінің элементтері астасқан, дәстүрлі шанхайлық үйлер орналасқан шикумэнь орамын еске салады. Capella Shanghai отелі Jian Ye Li тарихи кешенінде орналасқан. 1930 жылдары қызыл кірпіштен салынған, есіктері ағаш, француз балкондары мен осы өңірге тән ішкі алаңшалары бар 55 үйден құралған орам оқшауланып, оңашаланғысы келетін қонақтардың көңілінен шығарсы сөзсіз. 

Commune by the Great Wall, Бейжің

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 2 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 3 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 4 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 5 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 6 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 7 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Фото 8 из 8 Commune by the Great Wall, Пекин | beijing-hotels-china.com
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің
Commune by the Great Wall, Бейжің

Бейжіңнен бір сағаттық жерде, Ұлы Қытай қорғанының етегінде орналасқан бірегей отель сәулет өнерінің теңдессіз туындысы. Қонақ үй 12 азиялық сәулетші жобалаған 36 вилладан тұрады. Әр вилла — қоршаған ландшафтқа сәтті үйлесетін заманауи сәулет өнерінің бірегей туындысы. Жалпы алғанда, кешенде 170 бөлме мен әртүрлі санатқа жататын люкс қонақжайлар бар. 2022 жылы жоба Венеция сәулет биенналесінде арнайы марапатқа ие болған. Ал 2005 жылы Business Week журналының «Қытайдың таңғажайып он сәулет туындысы» тізіміне енген болатын.

Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу | archdaily.com
Фото 2 из 4 Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу | archdaily.com
Фото 3 из 4 Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу | archdaily.com
Фото 4 из 4 Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу | archdaily.com
Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу
Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу
Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу
Rose Garden Boutique Hotel, Хучжоу

Хучжоу өңірінің інжу-маржаны — табиғатпен үндесе өмір сүруді насихаттайтын қытай философиясының айқын бейнесі. Дайси деп аталатын кішігірім қалада орын тепкен қонақ үй шай плантациялары мен бамбук ормандары арасындағы еңістікте тұр.

Бұл қонақ үй — дәстүрлі элементтер мен заманауи шешімдер бірегей үйлесім тапқан сәулет жауһары. Бас ғимараты екі иінді шатырдан құралған дәстүрлі стильдегі төбемен жабылған. Жобаны қолға алған сәулетшілердің жергілікті сәулет өнеріне құрмет таныта отырып, қоршаған ортамен үйлесім табар заманауи ғимарат тұрғызғысы келгені көзге оттай басылады. Жоба авторлары заманауи болат конструкциялармен қоса, ағаш және нығыздалған топырақ секілді табиғи материалдарды пайдаланған. Сонысымен ерекше сәулет туындысы келмеске кеткен күндер мен қазіргі шақтың арасындағы көпір іспетті.

Темы