Белградтың Milan Vapa алғашқы қағаз фабрикасы серб-америкалық физиктің мұражайына айналады

Никола Тесланың ұлы мұрасы жаңа әрі ерекше үйде орналаспақ. Zaha Hadid Architects пен Bureau Cube Partners халықаралық байқауда жеңіске жетіп, Белградта орналасқан Никола Тесла музейін қайта жобалау құқығына ие болды. Олардың концепциясы тарих пен инновацияны біріктірген көрнекті дизайнға негізделген.

Мұражай 1924 жылы салынған, Сербияның алғашқы қағаз фабрикасы, тарихи Милан Вапа қағаз зауытының ғимаратында орналасады. 

Мұражай қонақтарға тек тарихи экспонаттарды ғана емес, сонымен қатар интерактивті тәжірибелер ұсынады. Ең басты көрнекілік – Тесла Электрондық Трансформатор Галереясы. Мұнда 12 миллион вольттық трансформатор арқылы Тесланың жоғары жиілікті токтармен жасаған жаңалықтарын көрнекі түрде тамашалауға болады. Электр энергиясының билеп тұрғанына куә болу – нағыз әсерлі сәт.

Tatler Asia

Сондай-ақ музейде интерактивті көрмелер, тарихи жәдігерлер және иммерсив-презентациялар болады. Тесланың сымсыз энергияны тасымалдау мен электротехника саласындағы жетістіктері әрбір келушіге ерекше әсер сыйлайды.

Ғимараттың дизайны – өз алдына өнер туындысы. Галереяларды біріктіретін эллипс ойықтар Тесланың магниттік күштер мен энергия өрістері концепцияларын көрсетеді. Мұражайға кірген сәттен бастап Тесланың өмір жолымен бірге саяхат жасағандай боласыз.

Заха Хадид сәулетшілерінің бұл жобаны жеңіп алуы таңқаларлық жағдай емес. Әзербайжандағы Гейдар Әлиев орталығы секілді ерекше иілімдер мен толқынды пішіндері – олардың өзіндік қолтаңбасы.

Tatler Asia
Tatler Asia

Темы