IMAGE Фото: YONA Beach Club Phuket

Пхукет аралындағы достармен бірге демалуға болатын жерлер туралы әңгімелейміз

Жайлы шезлонгтар, мұхитқа қараған бассейндер, көркем жағажайлар және түрлі коктейльдер. Бұған алыңыз да, халықаралық диджейлердің өнерін, сондай-ақ жанды музыка мен классикалық тай тағамдарын да, халықаралық тағамдарға да қамтитын гастрономияны қосыңыз. Аралдың жағажай клубтарында демалуға қажет нәрсенің бәрі бар. Мұнда әркім, мейлі батып бара жатқан күнге қарап кешкі ас ішсін, мейлі таңға дейін билесін, өз талғамына сай демалып, көңіл көтере алады.

Пхукеттің жағажай клубтары жыл бойы ашық болғанымен, ең белсенді кезеңі қарашадан сәуірге дейін созылатын, қызу маусымға түседі. Ең жарқын кештер мен іс-шаралар дәл осы кезеңде ұйымдастырылады, күнбатыстар да әдемі болады. Барып көруге кеңес береміз!

Yona Beach Club

Yona Beach Club — 500 қонақ сыятын, су үстіндегі, үш қабатты жағажай клубы. Жобада жайлы және әсерлі демалыс үшін барлық жағдай жасалған: шезлонгтар, шатырлар, 22 метрлік infinity pool, 4 бар, мейрамхана және күннің батуын тамашалауға арналған терраса. Мәзірде халықаралық тағамдар мен фирмалық коктейльдер бар: шампан, амаретто және коньяк қосылған Yona Signature Champagne Sangria, сондай-ақ ром мен личи дәмі бар, ащы Here Comes the Sun коктейлі.

Tatler кеңесі: жақсы киінуге тырысыңыз, бұл жерде күнделікті киім кию оғаш қылық болып есептеледі.

Мекенжайы: Royal Phuket Marina, Kohkaew, Muang, Phuket, +66-2-430-4400

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Фото: Facebook.com @yonabeach
Фото 2 из 3 Фото: Facebook.com @yonabeach
Фото 3 из 3 Фото: Facebook.com @yonabeach
Photo: Facebook.com / @yonabeach
Photo: Facebook.com / @yonabeach
Photo: Facebook.com / @yonabeach

Catch Beach Club

Catch Beach Club — тыныш жағажай демалысын қалайтындарды да, түнде қыдырғанды ұнататындарды да тартатын орын. Пхукеттің ең танымал әрі сәнді клубтарының бірі. Үлкен шезлонгтар, шатырлар және бассейн күндізгі демалысқа жайлы жағдай жасаса, кешке қарай клуб диджейлердің өнерімен жандана түседі. Ресторан мәзірінде тай, итальян және жапон тағамдары бар, соның ішінде краб қосылған фирмалық салат пен аптасына екі рет ұйымдастырылатын барбекю-буфет. Сондай-ақ мұндағы бар шампан және авторлық коктейльдер коллекциясымен ерекшеленеді.

Мекенжайы: 202/88, Choeng Thale, Thalang District, Phuket, +66-65-348-2017

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Фото: Facebook.com @catchbeachclub
Фото 2 из 3 Фото: Facebook.com @catchbeachclub
Фото 3 из 3 Фото: Facebook.com @catchbeachclub

Café Del Mar

Камала жағалауындағы Café del Mar — Пхукеттің Ибица рухы мен Тайланд атмосферасын ұштастырған, аты аңызға айналған клубы. Intercontinental және Novotel қонақүйлерінің маңында орналасқан клуб Андаман теңізіне, ақ құмды жағалауға және табиғи ағаш пен  сабан шатырлардан жиналған интерьерге шығатын, ғажайып көрініс ұсынады.

Café del Mar аумағында мұхитқа қараған infinity pool, самалжайлар, бірнеше бар және ресторан бар. Ресторан халықаралық тағамдар әзірлейді: тапас пен бургерден пеште піскен пицца, суши және тай тағамдарына дейін ұсынады. Атмосфера құру — беделді диджейлердің шаруасы. Клуб күнде түс кезінен түнге дейін ашық, сондықтан мұнда күндіз де, түнде де демалуға болады.

Мекенжайы: 118/19, Kamala, Kathu District, Phuket, +66-93-580-4486

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Фото: Facebook.com @cafedelmarphuketofficialpage
Фото 2 из 3 Фото: Facebook.com @cafedelmarphuketofficialpage
Фото 3 из 3 Фото: Facebook.com @cafedelmarphuketofficialpage

Baba Beach Club Natai

Baba Beach Club Natai — Пхукет әуежайынан 20 минут жерде орналасқан Натай жағажайындағы эксклюзивті жағажай клубы әрі қонақүй. Sri Panwa курорты командасы жасаған бұл орын дәмді тағамымен, жайлы атмосферасымен және әр кешті бір бөлек оқиғаға айналдыратын, жоғары сапалы Funktion One дыбыстық жүйесімен танымал.

Клуб инфрақұрылымына ауқымды бассейн, панорамалық мейрамхана, бар, спа қызметтері және күндізгі демалысқа арналған бағдарлама кіреді. Baba Beach Club —танымал диджейлердің концерттері мен Ибица аралынан келген, аты аңызға айналған Circoloco кеші сияқты іс-шараларды қамтитын музыкалық бағдарламасымен әйгілі болған клуб.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Фото: Facebook.com @bababeachclub
Фото 2 из 3 Фото: Facebook.com @bababeachclub
Фото 3 из 3 Фото: Facebook.com @bababeachclub

Манта Клангбункронгтың осы мақаласы алғаш рет 2024 жылдың 17 қыркүйегінде ағылшын тілінде жарияланған, Tatler KZ үшін қазақ тіліне 2024 жылдың 4 желтоқсанында аударып, жаңартқан – Салықбаев Әмір.

Темы