IMAGE Осакадағы әйгілі Дотонбори ауданы | Фото: Александр Смагин | unsplash.com

Франциядан Қазақстанға дейін — Lonely Planet 2025 жылдың ең қалаулы туристік бағыттарының тізімін жариялады

2025 жылға жасаған жоспарыңызда саяхаттау бар ма? Lonely Planet 2025 жылы баруға болатын 30 үздік орын мен 10 басты туризм трендін атады.

Lonely Planet-тің айтуынша, Қазақстан — табиғат, мәдениет және тарих қоршаған ортада шытырман оқиғаларды бастан өткергісі келетін зерттеушілерге арналған, тамаша орын. «Сайрам-Өгем ұлттық паркінде табиғат көріністерін дерлік жалғыздықта тамашалауға болады. Дәмді тағамдарымен танымал қала — Шымкентте жылқы не қой етінен дайындалатын ұлттық тамақ — қазы-қартасы бар бешбармақтың дәм татып көру керек, ал Алматыда кеңес билігінің мұрасы атмосферасына бөленуге болады», – дейді рейтинг.

Ерекше әсер қалдыратын жер деп Lonely Planet бірнеше орынды атап өтіпті: Алматыдағы Auyl рестораны, Алтынемелдің әнші құмдары және Шымкенттегі Bozjyra рестораны.

2025 жылға арналған тізімде танымал туристік бағыттармен қатар жасырын қазына да бар — Жапониядағы Осака қаласының динамикалық атмосферасынан Үндістандағы Пудучерридің француз архитектурасы мен Лаос елінің табиғатына дейін.

Сөмкеңізді жинап, маршрутты жоспарлайтын кез келді — әлем сізді күтіп тұр.

Чианг Май, Таиланд

Tatler Asia
IMAGE Адамдар Ват Пхра Сингх храмы жанындағы түнгі базарда тамақ ішіп отыр. Чиангмай, Таиланд. | Фото: Getty Images

Чиангмай — солтүстік Таиландтың гастрономиялық астанасы. Мұнда тамақтану — күнделікті қарым-қатынас пен жергілікті мәдениеттің маңызды бөлігі. Бұл жерде дәстүрлі сәлемдесу гастрономияның қоғамдағы орнын айқындайтын «тамақтанып алдыңыз ба?» сұрағынан басталады. Жергілікті тұрғындар базиликпен бірге қуыруға жарайтын көкөністер туралы қызу пікірталас құрып, тәтті, қышқыл, тұзды және ащы дәмдерді үйлестіру тәсілдерін табуға бел буып жатады —жеткен жерінде тоқтамайтын, қиындықтан қорықпайтын халық.

Қаңтарда қала Чиангмайдың ең танымал тағамдарын татып көруге болатын тамақ фестивалімен жандана түседі. Ал Мәдени орталықта өтетін «хан-ток» форматындағы кешкі ас қонақтарды дәстүрге бойлатып, асты театрлық қойылыммен толықтырады.

Пудучерри, Үндістан

Tatler Asia
IMAGE Француз отаршылдығы кезеңінен қалған Palais de Mahe бутик-отелінің жанындағы велорикшалар, Пудучерри, Үндістан. | Фото: Getty Images

Үндістанның оңтүстігінде, Бенгал шығанағының жағалауында Пудучерри қаласы орналасқан. Бұрын Пондичерри деп аталған бұл қала туристерді француз отаршылдығы кезеңінен қалған галльдік архитектурасымен, сондай-ақ ғибадатханалары мен Auroville атты эксперименталды елді мекенімен қызықтырады. Пудучерри жағажайлық демалысты белсенді түрде дамытып, Үндістандағы жетекші серфинг бағыттарының біріне айналуда.

Осака, Жапония

Tatler Asia
IMAGE Көше және дәстүрлі жапон тағамдарымен танымал Осакадағы Дотонбори ауданы. | Фото: @agathe_26

Жапония дегенде ойға алдымен Токио, одан кейін Киото келеді. Алайда Lonely Planet Осаканы Жапонияның ең ашық әрі динамикалық қалаларының бірі деп сипаттап, оған ерекше назар аударуды ұсынған екен. Мәдени және әлеуметтік қабаттарды біріктірген бұл қала мегаполистің қарбалас атмосферасы мен тыныш аймақтарын қатар сезінуге мүмкіндік береді. Теммабури ауданының каналдары мен дәстүрлі шай үйлері адамның қиялын Эдо дәуіріне жөнелтсе, Умеда ауданының архитектурасы болашақ Жапонияның көрінісін ұсынады. Осака сонымен қатар гастрономиясымен танымал — мұнда көшедегі тако-яки (сегізаяқтан жасалған тіскебасар) және окономияки (түрлі салмалар қосылған жапон құймағы) тағамдары да, Мишлен жұлдызына ие ресторандарда бар. Осаканың гастрономиялық туры тіпті ең талапшыл деген гурмандардың да көңілінен шығатыны анық.

Тулуза, Франция

Lonely Planet Тулузаны мәдениетке, жарқын аспаздық дәстүрлерге және Тулузаға тиесілі ЮНЕСКО «Музыка қаласы» мәртебесін айқындайтын фламенко, джаз сынды стильдердегі фестивальдерге толы лабиринт деп атаған екен. Туристерге XIV ғасырдан бастау алатын, тарихи мұра — Августиндер мұражайының 2025 жылға жоспарланған қайта ашылуына қарай келген жөн.

Қала рухына бөленгісі келетіндерге Lonely Planet Виктор Гюго гастрономиялық базарына барып, жергілікті деликатестерден дәм татуды немесе Le Saint des Seins және Le Taquin алаңдарында өтетін үздік джаз және классикалық музыка орындаушыларының концерттерін тыңдауды ұсынады.

Lonely Planet: 2025 жылы саяхаттайтын үздік қалалар

  • Тулуза, Франция
  • Пудучерри, Үндістан
  • Банско, Болгария
  • Чианг Май, Таиланд
  • Генуя, Италия
  • Питтсбург, АҚШ
  • Осака, Жапония
  • Куритиба, Бразилия
  • Пальма-де-Мальорка, Испания
  • Эдмонтон, Канада

Lonely Planet: 2025 жылы саяхаттайтын үздік елдер

  • Камерун
  • Литва
  • Фиджи
  • Лаос
  • Қазақстан
  • Парагвай
  • Тринидад және Тобаго
  • Вануату
  • Словакия
  • Армения

Темы