Лондонда поло ойынын меңгеріп, аристократтарға лайық шай рәсіміне қатысып, ерекше VIP-тәжірибелерден ләззат алып, демалып қайтыңыз
Үшінші тоқсаннан кейінгі көктемгі демалыста қайда саяхатқа барамын деп жүрсеңіз, Лондон балалармен саяхаттау үшін шексіз мүмкіндіктер ұсынады. Егер сіз бұл қалаға бірнеше рет барған болсаңыз, бірақ оны жаңа, ерекше қырынан ашқыңыз келсе, біз сізге және сіздің балаларыңызға қызық болар үздік VIP іс-шаралар топтамасын дайындадық. Төлқұжаттарыңызды дайындаңыз! Сізді Tatler стиліндегі көктемгі саяхат күтіп тұр!
1. Hamley’s дүкеніндегі жеке шопинг – тек сіздерге арналған ойыншықтар жұмағы
Атақты жеті қабатты Hamley’s дүкені сауда жасауды ғана емес, шынайы VIP-саяхат ұсынады. Қызыл кілем, қошемет сусындары, жеке гид, балаларға арналған аниматорлар – бәрі-бәрі сіздің отбасыңыз үшін арнайы ұйымдастырылады. Ең қызығы, сүйкімді Hamley Bear аюымен жеке кездесе аласыз!
🔹 Private Personal Shop (дүкен ашылғанға дейін 1 сағат): £800
🔹 VIP Private Tour (күні бойы 1,5 сағат): £250
2. Лондонда өз фильміңізді түсіріңіз
Балаларыңыз өздерін жаңалықтар жүргізушісі немесе деректі фильм режиссері ретінде сынап көргісі келе ме? Sparks Film School кәсіби видеографымен бірге сіздің саяхатыңыз туралы шағын фильм жасау мүмкіндігі бар. Шағын киноңызда өзіңізді Темзаны теңіз құбыжықтарынан құтқарып жатқандай қылып түсіресіз бе? Бәлкім, балаларыңыз Биг Беннің үстіне қонған жат ғаламшарлықтар туралы кішігірім лента түсіргісі келе ме? Қалай болғанда да, балаларыңыздың қиялына ерік беріңіз!
🔹 Бағасы: £575 бастап (2 сағат)