Жерорта теңізіндегі қызарып батқан күн немесе тропик жағажай: арман-қиялдағы тойды қайда өткізген дұрыс?
Үйлену тойын шетелде жасау қазір ерекше құбылыс болып есептелмейді, дегенмен оған мінсіз орын таңдау оңай шаруа емес. Мұнда романтикалық атмосфера, бірегейлік және ұйымдастыру күрделілігі арасындағы тепе-теңдікті табу қажет.
Заманауи той туризмі нарығы классикаға айналған Еуропалық бағыттардан бастап экзотикалық аралдарға дейінгі алуан түрлі нұсқа ұсынады. Сіздерге арнап ерекше мерекелік атмосфераға толы әрі той жасауға арналған он шетелдік орын таптық. Той жасау үшін ең ыңғайлы әрі ғажап қонақ үйлер, курорттар және басқа да орындар туралы мәлімет те осында.
1. Санторини, Грекия
Санторини — ежелгі жанартаудың баурайында орналасқан, ақ түсті үйлер мен көк күмбезді шіркеулермен көмкерілген грек аралы. Мұндағы Canaves Collection бірнеше бірегей той алаңын ұсынады. Біріншісі — жартастың үстінде орналасқан Panorama Balcony кальдера мен Эгей теңізіне қарайды. 30 қонақтық, кішігірім салтанатқа жарайды. Екіншісі — Ойя ауылына қарайтын Veranda Balcony алаңына 40 қонақ сыяды. Үшіншісі әрі ең үлкені — Sunset Terrace. Жеке бассейні бар бұл алаң 100 адамға шақталған.