IMAGE imdb.com

«Сақиналар әміршісі» анимесінен бастап готикалық «Носферату» хоррорына дейін — желтоқсанда қандай фильмдер мен сериалдарды көрген жөн?

Жыл соңында кинозалдар мен стриминг платформалары бізді көптеген қызық премьералармен қуантпақ. Бұл фильмдер мен сериалдар жайлы қысқы кештеріңізді одан әрі жақсартады деп үміттенеміз. Кей фильмдер «жайлы» деуге келмесе де, мереке алдындағы күндеріңізді әрлендіретіні анық.

Жылдың соңғы айы әсіресе жанрлардың саналуандығымен қуантады. Желтоқсанда көрермен алдына ұсынылмақ туындылар: шын мәнінде қорқынышты «Носферату» ремейкі, «Аңшы Крейвен» блокбастері, «Сақиналар әміршісі» әлеміне негізделген, толықметражды аниме, «Бейтаныс жан» — Тимоти Шаламэ Боб Диланның рөлін сомдаған байопик, сондай-ақ «Кальмар ойыны» сериалының көптен күткен екінші маусымы.

Сақиналар әміршісі: Рохиррим шайқасы

Премьера: 2024 жылдың 12 желтоқсаны

Толкиен әлеміне негізделген, толықметражды аниме-жоба Питер Джексонның «Сақиналар әміршісі» трилогиясына дейін болған оқиғаларды бейнелеп, Рохан патшасы Хелм Молоторукийдің хикаясын баяндайды. Фильм авторлары Рохан тарихындағы маңызды орындардың бірі — Хорнбург бекінісіне баса назар аударған екен. Сапалы графика мен әсерлі пейзаждар 12 желтоқсан күні көрермендерді ерекше атмосфераға ие әлемдердің біріне қайта аттандырмақ.

Аңшы Крейвен

Премьера: 2024 жылдың 12 желтоқсаны

Желтоқсанда Marvel фильмдерінің жанкүйерлері бір қуанып қалатын болды. Үлкен экрандарға Өрмекші-адамның ең қауіпті жауларының бірі – Аңшы Крейвен туралы фильм шығады. Сюжет әкесімен аң аулап жүріп, жұмбақ метаморфозаға ұшырап, ерекше қабілетке ие болған Сергей Кравинов туралы баяндайды. «Аңшы Крейвен» — «Sony Өрмекші-адам әлемінің» ересек аудиторияға арналған, қантөгіске толы фильмі. Аарон Тейлор-Джонсон түскен фильм көрерменді шынайы баяндау тоны мен қатыгез шайқастарымен таңқалдырмақ. Сондай-ақ, актерлер арасында бас кейіпкердің тағдырына әсер еткен Кравиновтың орыс тілді әкесінің рөлін сомдаған Рассел Кроу бар.

Носферату

Премьера: 2024 жылдың 25 желтоқсаны (АҚШ)

«Носферату» премьерасы көрермендерге ерекше әрі готикалық Рождество әкелмек. Хоррор жанрының шебері Роберт Эггерс («Шамшырақ», «Мыстан») вампир туралы классикалық аңыздың өзіндік нұсқасын ұсынады. Трансильванияның қапас атмосферасы мен режиссердің сүйікті сұр реңктері бізді Брэм Стокердің романының қараңғы дәуіріне аттандырмақ. Фильмнің актерлік құрамы де ерекше: Лили-Роуз Депп, Билл Скарсгард, Николас Холт, Уиллем Дефо және Аарон Тейлор-Джонсон. Жыл соңының ең маңызды премьераларының бірі.

Бейтаныс жан

Премьера: 2024 жылдың 25 желтоқсаны (АҚШ)

Тимоти Шаламэнің жанкүйерлері қуана берсе болады: актер «Бейтаныс жан» биографиялық драмасында Боб Диланның рөлін сомдап, үлкен экранға қайта оралмақ. Қара көзілдірік, гитара және мопедтің артында отырған Эль Фаннинг — Шаламэ Диланның мансабындағы маңызды кезеңді — әншінің акустикалық фольктан электроға көшкен шағын сомдау құрметіне ие болған екен. Сондай-ақ фильмде Шаламэ Диланның алғашқы хиттерін орындамақ. Айта кететін жайт, фильмнің продюсері және түсірілімге тікелей қатысқан адам — Боб Диланның өзі.

Кальмар ойыны (екінші маусым)

Премьера: 2024 жылдың 26 желтоқсаны

Netflix-тің әйгілі кореялық сериалының екінші маусымы 26 желтоқсан күні шықпақ. Трейлерге қарағанда, сериалдың бірінші маусымының бас кейіпкері Сон Ки Хун құпия ұйымды әшкерелеймін деп қауіпті ойынға қайта қатысатын сияқты. Режиссер Хван Дон Хек әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, екінші маусым күтпеген сюжеттік шешімдер мен естен кетпес кейіпкерлерге толы болады деп уәде береді.

Дөң: Көрегендік

Премьера: 2024 жылдың 17 қарашасы – 22 желтоқсаны

Жоғарыда аталған фильмдер мен сериалдар шыққанша «Дөң» әлемі туралы жаңа сериалды көріп шығуға болады. Фрэнк Герберттің ұлы мен фантаст-жазушы Кевин Джеймс Андерсонның кітаптарына негізделген сериал фильмдер сериясында аз ғана көрсетілген Бене-Гессерит қауымы туралы баяндамақ. Бұл орден — «Дөң» әлеміндегі ең қызық топтардың бірі. Олар билеуші үйлердің тағдырына араласып, Империяны басқару процестеріне ықпал етеді. Сонымен қатар Бене-Гессерит мүшелері ерекше қабілет дамытуға бағытталған менталды және физикалық әдіс-тәсілдерімен де ерекшеленеді.

Темы