IMAGE Яндекс Қазақстан

Ultima Yandex Go арнайы ұйымдастырған жарық кешінің қалай өткені туралы.

11 желтоқсан күні Almaty Theatre сахнасында Ultima Яндекс Go сервистерінің Қазақстанда іске қосылуына арналған Ultima Jaryq атты арнайы кеш өтті. Шараның негізгі тұжырымдамасы — жарық сәулесі. Ол шабыттың қайнар көзі һәм нышаны ретінде сипатталды. Ultima Jaryq кеші қонақтарға күнделікті күйбең тіршілікті ұмыттырып, бір сәт Ultima Яндекс Go сервистерінің талғампаздық, стиль және сұлулыққа қаншалықты мән беретінін сездіргісі келді. Шараның өзінен көшпенділер дәстүрі мен заманауи технологияларды үйлестіруге деген талпыныс анық байқалды.

Кештің кураторы ретінде белгілі режиссёр Айсұлтан Сейітов өнер мен шабыттың жаңа формаларын ерекше атмосферада көрсете білді. Шара барысында музыкамен әрленген жарық шоулары қойылып, қонақтар Jent мейрамханасының бренд-шефі Александр Прошенко әзірлеген ерекше тағамдардан дәм татты. Шеф және оның командасы дәстүрлі қазақ тағамдарын жаңаша тартып, қонақтарды қайран қалдырды. Кеш соңында әрбір қонаққа сарқыт ретінде десерті бар Ultima мини-боксы табысталды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 Yandex Qazaqstan
Фото 2 из 4
Фото 3 из 4
Фото 4 из 4

Ultima Jaryq кешіне бизнес, өнер және медиа саласындағы танымал тұлғалар қатысты. Олардың қатарында Айсұлу Әзімбаева, Мәди Тоқтаров (M'Dee), Данеля Садықова (Dequine) және басқа да қонақтар болды.