Жоқ, біз кейіпкерлердің жеке өмірін талқыламаймыз. Алмаз Мержақыпов, Nasiafromasia және Aroojeanne TikTok-тағы «Өзіңмен кездесу» атты жаңа трендті түсіріп, жұрт назарын аударды. Бұл тренд туралы айтып, актер мен әншілердің ерекше кездесулері жайлы баяндап берейік.
TikTok-тың жаңа тренді тағы да қолданушылардың жүрегін елжіретіп, көзге жас үйірді. «Өзіңмен кездесу» деп аталатын бұл посттарда адамдар өздерінің жас кезін «кездесуге» шақырады, өзара ішкі диалог жүргізіп, ағынан жарылып, қазіргі болмыстарын өткендегі өздерімен салыстырады.
Бұл тренд @jennaececelia есімді қолданушының 2025 жылдың 4 ақпанында жариялаған поэмасынан кейін тарады:
Жас кезімдегі өзіммен кофе іштім
10:15. Ол келді кешігіп, мен жеткем ертерек,
Төмендеу түйіп ап шашымды.
Ал ол тұр бұрымы қып-қызыл, еркелеп,
Ішіне бір мұңды, бір сырды жасырды.
Көзден жас тамшылап, сұрақ мол жауапсыз,
Жаралы оның жүрегі.
«Өтеді-кетеді, уақыт бар емші» деп
айтқаным емес керегі.
Құшақтап мен оны, көп тұрдым сол сәтте,
Басылды өксік сәлден соң.
Жетектеп қолынан, оралдық ескі үйге,
Болам деп әркез жәрдемшің.
Арамыз он бес жыл, қоштастық сол жерде,
Әлі есте жас толы жанары.
Бәлкім, ол ұмытпас кофесін сол сәттің,
Бәрі енді сағым боп барады.
Бұл поэма TikTok қолданушыларын тебірентіп, желіде жедел тарады. Қазір #YoungerSelf (ағылш. – «Жас кезімдегі өзім») хэштегімен 230 мыңнан астам пост жарияланған, ал «Өзіңнің жас нұсқаңмен кофе» тақырыбындағы бейнежазба 16 миллионнан аса қаралым жинады. Көбіне бұл тренд Грегори Алан Исаковтың Sweet Heat Lightning әнімен сүйемелденеді. Әнде Calling you to sing («Сені ән айтуға шақырамын») деген тармақ бар, бірақ оның соңғы сөзі say сөзіне ұқсас естілетіндіктен, бұл жолды «Саған қоңырау шалып, бірнәрсе айтқым келеді» деп те түсіндіруге болады.
Бұл мұңды, бірақ жылы тренд орыс тілді қолданушыларға да жетті. Tatler Kazakhstan редакциясы да оны қолдап, Алмаз Мержақыпов, Nasiafromasia және Aroojeanne-ды шақырды. Қатысушылар өздерінің қорқыныштарын, жеңістерін және қызығушылықтарын бөлісті.
Алмаз Мержақыпов (Актер және модель)
Мен де жас кезімдегі Алмазбен кездестім.
Ол 14-те, ал мен 24 жастамын.
Мектеп спектаклінде рөлін сәтсіз сомдаған кезі болса керек, жүзі жабырқау. Сол сәтте мен оған күн сайын жаңа образдарды сынап, шыңдала түсетінімді, адамдарға қуаныш сыйлайтынымды айттым.
Оның бір басында қиындық көп еді. Артық салмағы мен үлкен құлаққа қатысты қалжыңдарды жиі еститін. Мен модель болдым, Шанхайдағы сән көрсетілімінде дебют жасадым.
Мұныма ол сенген жоқ. Оған жергілікті және шетелдік брендтердің бет-бейнесіне айналғанымды айттым.
Таңырқап, үнсіз ғана тыңдап тұрды. Ақыл айтып әурелемедім.
Жай құшақтасқан соң, мен оған: «Сен бала өлмейсің», – дедім.