IMAGE Meta

2025 жылы Super Bowl-да көрсетілген 10 үздік жарнама тізімін ұсынамыз

Super Bowl жай ғана финалдық матч емес. Бұл – спорт, ойын-сауық және маркетинг әлемінің таңғажайып шоуы, бүкіл Американы және әлемді біріктіретін мәдени құбылыс. Жыл сайын ақпанның алғашқы жексенбісінде миллиондаған көрермен экранға телміріп, ойыннан ғана емес, ерекше жарнамалардан да ләззат алады.

Super Bowl алғаш рет 1966 жылы Америкалық футбол лигасы (AFL) мен Ұлттық футбол лигасы (NFL) бірігіп, ортақ чемпионат қарсаңында өткен болатын. Қазір бұл матч 180-нен астам елде тікелей эфирде көрсетіліп, 100 миллионнан астам көрермен жинайды. Биыл Нью Орлеанда Philadelphia Eagles бен Kansas City Chiefs атты екі команда алаңда бақ сынасты. Ал көпшілікті қызықтыратын бір жайт бар. Тейлор Свифттің жігіті Трэвис Келси да бұл ойынға қатысады. Kansas City Chiefs командасының жұлдызы америкалық футбол тарихындағы ең үздік тайт-эндтердің бірі болып саналады.

Бірақ Super Bowl тек футболмен шектелмейді. Бұл – жарнама әлеміндегі «прайм уақыт». 2025 жылы 30 секундтық жарнама эфирге шығу үшін $7–8 миллион, ал оның өндірісіне қосымша $1–5 миллион жұмсалады. Бір ғана түнде жарнамадан түсетін табыс $500 миллион шамасында! Зерттеулерге сүйенсек, Super Bowl жарнамалары көрермендердің 19%-на жаңа брендтерді таныстырады, ал әлеуметтік желілерде бұл роликтер қызу талқыланады.

Сонымен Super Bowl 2025 эфирінде жарқыраған ең үздік жарнамаларға шолу жасайық!

IMAGE Mountain Dew: Арыстанның сүюі
IMAGE Stella Artois: Дэвид пен Дэйв
IMAGE Weather Tech жарнамасында төрт тентек әже: «Бала бақпаймыз, әлі құтыратын шамамыз бар», – дейді
IMAGE Крис Пратт пен Крис Хемсворт Meta-ның ЖИ-мен жабдықталған Ray-Ban көзілдірігінің жарнамасында Крис Дженнермен соттасуға дейін барады
IMAGE Hellmann’s: When Sally Met Hellmann’s
IMAGE Coors Light: бітіп болмайтын дүйсенбі
IMAGE Пицца жарманасында өзге әлемнен келгендер де пиццаны жейді екен
IMAGE Doritos жарнамасы
IMAGE Уильям Дафое мен Рэнди Мосс Ultra сырасының жарнамасында теннис ойынында бәрінің быт-шытын шығарады
IMAGE Шер Uber Eats жарнамасында басқа уақыттарға саяхаттайды
IMAGE Pringles жарнамасында барлық мұрттар жиналады

Темы