IMAGE "Opus" киносы | A24

Sundance фестивалінде тамашалауға тұрарлық бес фильмді ұсынамыз!

Париж бен Миланда сән апталығы қыза түссе, кино әлемі Юта штатындағы Sundance кинофестиваліне көз тікті. Жыл сайын өтетін бұл маңызды шара биыл 23 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Парк-Сити мен Солт-Лейк-Сити қалаларында өтіп жатыр. Sundance – тәуелсіз киногерлер үшін шығармашылық еркіндік алаңы әрі кино әлеміндегі жаңа бағыттар мен есімдерді танытатын орын.

Биылғы фестивальдің таңдаулы фильмдері:

By Design

Камилла – өз армандарын орындай алмай, алтын уақытын өзгелерге қызмет етуге жұмсайтын әйел. Бірде ол бір орындыққа ғашық болып, оны сатып алуға мүмкіндігі болмаған соң, сол орындыққа айналады. Сөйтсе, адамдар оны орындық ретінде көбірек ұнатады екен. Бұл фильм қоғамның стереотиптерін сынап, адам болмысының күрделі тұстарын ашық түрде көрсетеді. 

Tatler Asia
Саманта Матис, Джульет Льюис, Робин Тунней «By Design» киносында. Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | Патрик Мид Джонстың фотосы
IMAGE Аманда Крамердің «By Design» киносы, Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | Патрик Мид Джонстың фотосы
Саманта Матис, Джульет Льюис, Робин Тунней «By Design» киносында. Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | Патрик Мид Джонстың фотосы

Didn't Die

Зомби ақырзаманы орнаған кезде подкаст жүргізушісі Винита қорқыныш пен үрейін жасырып, ирония мен күлкі арқылы жұртқа өз шоуын ұсынады. Мира Менон бұл фильм арқылы қазіргі қоғамның алаңдаушылықтарын, әсіресе пандемия кезеңіндегі психологиялық күйзелісті жанрлық тәсілдермен зерттейді. Қара-ақ түстермен түсірілген фильм керемет атмосфера мен мазмұнды үйлестіреді.

Tatler Asia
IMAGE «Didn't Die» киносы, Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | Пол Глиссонның фотосы

Plainclothes

Гей жігіттердің қыр соңына түсіп, оларды ұстау үшін арнайы жұмысқа тартылған жас полицей күтпеген жерден гей жігітке ғашық болып қалады. Бұл фильм адамгершілік, ішкі күрес пен жасырын махаббат туралы терең ойға шомдырады.

Tatler Asia
IMAGE «Plainclothes» киносы, Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | imdb

Opus

30 жыл бұрын жоғалып кеткен аңызға айналған поп-жұлдыздың жұмбақ оқиғасы туралы кино. Жас жазушы (Айо Эдебири) жоғалып кеткен жұлдыздың шалғайдағы ғимаратына шақыру алады. Әлгі ғимаратта поп-жұлдыздың фанаттары мен журналистер жиналады. Жас жазушының басынан өткерген шытырман оқиғалары атақ пен культтің қауіпті тұстарын аршып көрсетеді. Осылайша бұл фильм қазіргі қоғамдағы атақ пен даңқтың шынайы құнын баяндайды.

Tatler Asia
IMAGE «Opus» фильмі, Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | A24

Rabbit Trap

Фильмде 1976 жылы Уэльс орманында тұратын музыкант жұптың оқиғасы баяндалады. Олардың музыкасы жергілікті ежелгі фольклорлық сиқырға жан бітіреді де, белгісіз бір бала үйлерінің табалдырығын аттайды. Фильм британдық фольклорлық қорқынышты жанрда түсірілген, музыкалық көріністерімен ерекше атмосфераға бөлейді.

Sundance фестивалінің үздік фильмдерін 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Sundance веб-сайты арқылы онлайн тамашалауға болады. Кино әлеміндегі жаңа толқыннан қапы қалмаңыз!

Tatler Asia
Дев Пател «Rabbit Trap» киносында. Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото |  Андреас Джоханессеннің фотосы
IMAGE «Rabbit Trap» фильмі. Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото | Андреас Йоханнессеннің фотосы
Дев Пател «Rabbit Trap» киносында. Sundance 2025 кинофестивалінің қатысушысы. Sundance фестивалінен алынған фото |  Андреас Джоханессеннің фотосы

Темы