IMAGE Getty Images

«Сегун», «Субстанция», «Ешкімге белгісіз» және басқа да SAG Awards 2025 жеңімпаздары

Лос-Анджелесте өткен SAG Awards-тың 31-ші марапаттау рәсімі кино мен телевизиядағы үздік актерлерді анықтады. Басқа беделді сыйлықтар – Oscar, BAFTA, Golden Globes режиссура, сценарий, монтаж сияқты түрлі номинацияларды қамтыса, SAG Awards тек актерлердің өнеріне құрмет көрсетеді. Бұл шараны «Оскардың» басты репетициясы деп атайтыны да сондықтан.

Биылғы жеңімпаздар тізімі Golden Globes-тың нәтижесіне cәл ұқсас болды. Фильмдегі үздік актерлік құрам үшін басты марапатты Рафе Файнс, Стэнли Туччи, Джон Литгоу және Изабелла Росселлини қатысқан «Конклав» фильмі жеңіп алды.

Тимоти Шаламе «Ешкімге белгісіз» фильмінде Боб Диланды сомдағаны үшін «Үздік актер» атанып, номинация тарихындағы ең жас лауреат ретінде рекорд орнатты. Деми Мур «Субстанция» фильміндегі рөлі үшін «Үздік актриса» жүлдесін иеленді.

Екінші пландағы үздік актерлер номинациясында «Нағыз азап» фильміндегі Киран Калкин мен «Эмилия Перес» фильміндегі Зои Салдана жеңіске жетті.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 12 Sergio Castellitto, John Lithgow, Isabella Rossellini, Ralph Fiennes | Getty Images
Фото 2 из 12 Hiroyuki Sanada | Getty Images
Фото 3 из 12 Selena Gomez | Getty Images
Фото 4 из 12 Tommy Bastow, Shinnosuke Abe, Moeka Hoshi, Hiroyuki Sanada, Anna Sawai, Tadanobu Asano, and Hiroto Kanai | Getty Images
Фото 5 из 12 Zoe Saldana | Getty Images
Фото 6 из 12 Jessica Gunning | Getty Images
Фото 7 из 12 Moeka Hoshi and Anna Sawai | Getty Images
Фото 8 из 12 Kieran Culkin | Getty Images
Фото 9 из 12 Timothée Chalamet | Getty Images
Фото 10 из 12 Timothée Chalamet | Getty Images
Фото 11 из 12 Colin Farrell | Getty Images
Фото 12 из 12 Timothée Chalamet | Getty Images

Телевизия саласындағы марапаттар да қызу талқыланды. Драма жанрындағы сериалдар қатарында «Сегун» үздік актерлік құрам болып танылса, комедия жанрындағы үздік актерлік ансамбль «Бір ғимараттағы кісі өлтіру» сериалына бұйырды. «Сегун» биыл ерекше көзге түсіп, бірден төрт марапатты қанжығасына байлады: үздік драма, үздік актер, үздік актриса, сонымен қатар үздік каскадерлік жұмыс. 

Жеке номинациялар бойынша:

Комедия жанры бойынша үздік актер – Мартин Шорт («Бір ғимараттағы кісі өлтіру»)
Комедия жанры бойынша үздік актриса – Джин Смарт («Трюктер»)
Мини-сериал немесе телефильмдегі үздік актер – Колин Фаррелл («Пингвин»)
Мини-сериал немесе телефильмдегі үздік актриса – Джессика Ганнинг («Бұғы»)

Бұл жолы «Анора», Майки Мэддисон және Юра Борисов марапатсыз қалды. Енді Голливуд Оскарды тағатсыздана күтіп отыр.

Темы