IMAGE Гладиатор 2 | Фото: IMDB

Пол Мескалдың елеулі рөлдері және оның әйгілі күміс алқасының сыры жайлы сөз қозғаймыз

«Гладиатор 2» фильмі шыққаннан кейін сыншылар Пол Мескалды «фильмнің жүрегі» және Ридли Скоттың шығармасының «қаһарлы көзірі» деп бағалады. Бұл ирландиялық жас актердің күшті әрі табанды кейіпкер рөлінде жаңа қырынан танылған кезі ретінде есте қалды.

Осы бір жастығына қарамастан, Пол Мескал «Гладиатор 2» аренасына шықпай тұрып, «Оскар», «Эмми» және BAFTA сынды беделді марапаттарға ұсынылған шебер актер ретінде көзі қарақты көрерменнің есінде. Ұмытып тұрсаңыз, Голливудтың ирландиялық жігіттің несіне ғашық болғанын талдап, елеулі рөлдерін жіпке тізіп шығайық.

«Қарапайым адамдар» (Normal People)

Актердің алғашқы маңызды жобасы Салли Рунидің романы бойынша түсірілген «Қарапайым адамдар» атты психологиялық драмасы болды. Бұл сериалдағы Коннелл Уолдрон рөлі Мескалға «Эмми» номинациясын әкелді.

Сериалда Ирландияның шағын Слайго графтығында мектепте оқитын Марианна мен Коннелдің күрделі қарым-қатынасы баяндалады. Олардың бір-біріне деген қызығушылығы жай ғана достық пен махаббат шеңберінен асып түседі. Дәл осы түсініксіз, бірақ жақын қарым-қатынас сериалды басқа романтикалық драмалардан ерекше етеді. Кейіпкерлер кейінірек Дублиннің Тринити колледжінде қайта кездесіп, олардың хикаясы жаңа дағдарыстық кезеңдерге ұшырайды.

Критиктер мен көрермендер Пол Мескалдың осы туындыдағы рөлін жоғары бағалаған. Ол Коннелдің ішкі қайшылықтарын артық драмасыз, шынайы көрсете алған. Актер Коннелдің туған қаладан көшіп кетуін, жаңа ортаға бейімделуін және Марианнаға жасаған қателіктері үшін ұялуын шебер жеткізген. Оның қарама-қайшы болмысы көрермендердің жүрегіне де терең әсер еткен.

Коннелдің мінезі айрықша: ол ақылды, бірақ тұйық; тартымды, бірақ өзіне сенімсіз. Мескалдың шеберлігі Коннелдің нәзік, қайғылы және осал бейнесін тамаша сомдам шыққані.

Tatler Asia
IMAGE «Қарапайым адамдар» (Normal People)

Қызықты дерек: Сериалда Коннелл киетін күміс алқа танымал болғаны соншалық, оны фанаттар культ деңгейіне жеткізіп тастаған. Тіпті осы алқаға арналған жеке Instagram парақшасы ашылып, оған 130 мыңнан астам адам жазылған. Бұл трендке ілескен британдық CRAFTD зергерлік бренді "Connell" коллекциясын жасап, алқалар мен білезіктерді шығарады. Олар Коннелдің нәзік мінезін айшықтай түсетін аксессуарлар ретінде фанаттардың жүрегінен орын алып үлгерген.

 

«Жоғалған қыз» (The Lost Daughter)

Пол Мескалдың фильмографиясындағы тағы бір маңызды жоба — Мэгги Джилленхолдың дебюттік толықметражды фильмі "Жоғалған қыз". Фильм ата-ана болудың қиындықтары мен балаларды тәрбиелеу мәселелер төңірегінде өрбиді. Сюжет демалысқа шыққан Леда Карузо есімді профессордың жағажайда қызын жоғалтқан жас ана Нинамен танысуынан басталады.Мескал бұл фильмде жағажай қызметкері Уиллдің рөлін сомдайды. Оның кейіпкері Нинамен романтикалық қарым-қатынаста болады. Бұл рөл меланхолиялық оқиғаға жастық пен жеңілдік атмосферасын сыйлаған.

Tatler Asia
IMAGE «Жоғалған қыз» (The Lost Daughter)

«Күннен кейін» (Aftersun)

Шарлотта Уэллстің «Күннен кейін» фильмі Мескалға «Оскар» және BAFTA номинацияларын алып келді. Бұл ностальгиялық драма әкесі Калуммен бірге Түркияға демалуға барған 11 жасар Софидің оқиғасын баяндайды. Фильм өсу, отбасылық байланыс және өткенді қайта ой елегінен өткізу тақырыптарын қозғайды. Әңгіме жұлмаланған форматта өрбіп, болашақтан келген кадрлар мен демалыс кезінде түсірілген жеке бейнежазбалармен өріледі.

Мескалдың шебер ойыны Калумның терең қайғысын жеткізе алды. Ол ажырасқаннан кейін өзін кінәлап, қаржылық қиындықтармен күресіп жүргенімен, қызымен бірге уақытты жағымды өткізуге тырысады. Әке мен қыздың қарым-қатынасы көрерменге эмоционалдық жараның ескі, бірақ мазасыз ауыртпалығын сездіреді.

Tatler Asia
IMAGE «Күннен кейін» (Aftersun)

«Жау» (Foe)

«Жау» фильмінің бағасы сыншылардың аралас пікірлерінен тұрады. Басқасы басқа, бірақ дәл Мескалдың ойыны жоғары бағаланған-ды. Ғылыми-фантастикалық сюжеті бар ресурсы таусылған Жер шарының болашақ сәтінде өрбиді. Мескал Джуниор есімді фермердің рөлін сомдайды. Ол әйелі Генриеттамен (Сирша Ронан) бірге шағын фермада өмір сүреді. Джуниор ғарышқа жаңа өмір құру миссиясымен жіберілуге шақырту алады. Бірақ бұл уақытта Генриетта ішқұса болмас үшін  Джуниордың робот көшірмесімен бірге өмір сүруге тура келеді.

 

Tatler Asia
IMAGE «Жау» (Foe)

«Бейтаныс жандар» (Strangers)

Бұл - Пола Мескалдың кейінші шыққан фильмдерінің бірі. Мұнда ол Гарри есімді жігіттің рөлін сомдайды. Бұл психологиялық драмада 12 жасында ата-анасынан айырылған жалғызбасты сценарист Адамның хикаясы баяндалады. Гарримен романтикалық қарым-қатынас құрып, Адам ескі үйіне қайта оралады да, тірі жүрген ата-анасын кездестіреді.

Фильмде өткенді қайта қарау және жалғыздықпен күресу сияқты маңызды тақырыптар қозғалады. Мескал мен оның серіктесі кейіпкерлер арасындағы нәзіктік пен қамқорлықты тамаша жеткізеді. Фильмнің финалы көрерменді сезімнің түпсіз тұңғиығына батырып әкетеді.

 

Tatler Asia
IMAGE «Бейтаныс жандар» (Strangers)

Темы