IMAGE The St. Regis Astana отелінің террасасы | marriott.com

Ақпан айында Астанада баруға болатын жерлердің шағын топтамасын жинадық

Астанада қыстың соңғы айы жылы болмақ. Ауа райын айтпаймыз. Астанада демалу, өнерге тәнті болу, билеу және дәмді тамақтану үшін қайда баруға болатыны туралы әңгімелейміз.

The St. Regis Astana отеліндегі кешкі ас

Әулие Валентин күнінде Asakusa Izakaya және La Rivière мейрамханаларынан үстел брондауды ұмытпаңыз. Мерекеге орай ресторандар бес түрлі тағамнан тұратын сет әзірлепті. Алкогольсіз және шарап картасы бар пакеттер қолжетімді.

The St. Regis Astana отелінде демалу

Шетелге барып үлгермей, демалысты аңсап жүрсіз бе? The St. Regis Astana отелінің арнайы ұсынысының қызығын 16 ақпанға дейін көріп үлгеріңіз. House of Romance және Celebrate Lavishly пакеттеріне екі адамға арналған таңғы ас, тәттілер және спа кіреді. Сондай-ақ барлық процедураға 20% жеңілдік беріледі. Мына сілтемедегі мақалада жазылған «Шоколадты гоммажды» байқап көруге кеңес береміз. Ресторандар мен барларда тамақтануға да 15% жеңілдік бар. Екі пакеттің айырмашылығы сол, Celebrate Lavishly сонымен қатар сабраж рәсімін қамтиды. The St. Regis енгізген бұл рәсімге Наполеонның «Шампан: жеңіске жеткендер оған лайық болады, жеңіліс тапқандар зар болады» деген сөзі негіз болыпты. Шампан бөтелкесін қолбасшының көзі тірі кездегідей қылышпен ашады екен.

Вера Брежневаның концерті

«Ведь там, за окном, цветет, бежит реальная жизнь», сондықтан үйде отыра бермеңіз. 16 ақпанның кешінде Вера Брежневаның Астана Конгресс орталығында өтетін концертіне барып көріңіз. Репертуар «ВИА Гра» тобының хиттерін қамтиды дейді. Қосарласа ән шырқап, даусыңыздан айырылып қалып жүрмеңіз. Дүйсенбі жұмыс күні ғой.

KANT кеші

Астана жастары көптен күткен кеш! KANT кешінде әсерлі тректерге билеп, демалуды ұсынамыз. In KANT We Love (ағылшын тілінен аударғанда – «KANT-та біз махаббатқа бөленеміз»), сондықтан ұйымдастырушылар сізді 21 ақпан күні Pingwin Premium ресто-боулингінде күтеді. Нәзира Қасенова мен ZEÉ әнші Наzима мен блогер Нагимушамен бірге сет ойнамақ. Айтпақшы, Қазақстанда кеш ұйымдастыру туралы мақаламызды да оқып шығыңыз.

«Жаңғақ шаққыш» балеті

Қыстың соңғы күндері ертегідей болсын. Отбасылық қойылым бәрінің көңілінен шығатыны анық. Юрий Григоровичтің Гофман жазған классикаға деген көзқарасы. Махаббат, есею және бақыт жайындағы философиялық пікір. Екі көріністі балетті 21, 22 және 23 ақпан күндері Astana Opera-ның үлкен залында тамашалауға болады.

Tatler Asia

«Аниме» концерті

23 ақпанда Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Аниме» концерті өтеді. Сүйікті кейіпкерлердің дәйексөздерін жапон, қазақ және орыс тілдерінде естіп көру мүмкіндігі бұйырады. 60 музыканттан тұратын оркестр Naruto, Attack on Titan, Death Note сынды танымал анимелер арқылы етене таныс композицияларды ойнайды.

Tatler Asia

Темы