Bad Bunny тобының DtMF әні желіге қалай әсер еткенін талдап шығайық.
TikTok-та #dtmf тренді кең таралып жатыр. Аталған хештегпен 357 мыңнан астам жазба жарияланды. DtMF – Бэд Баннидің алтыншы жеке альбомы DeBÍ TiRAR MáS FOToS-тың («Мен көбірек суретке түсуім керек еді») 16-шы трегі. Бұл альбом 2025 жылдың 5 қаңтарында жарық көрді. Ән Бэд Баннидің өзге әндері сияқты испан тілінде орындалған.
Әннің негізгі идеясы махаббатынан қол үзіп қалған адамның өкініштері хақында. Автор сүйіктісінің суретін түсірмегеніне, дер кезінде құшақтап, сүймегеніне өкініш білдіреді. Әннің мәтіні әншінің туған жері Пуэрто-Рикоға арналады. Бенито (әншінің шын есімі) әнінде Берни мен Хан есімді таныстарын, атасын еске алып, туған жер табиғатының сұлулығын сипаттайды. Сондай-ақ реггетон, сальса, бомба мен плена сияқты пуэрто-риколық музыка мен би жанрларына деген құштарлығын тілге тиек етеді. «Жақындарым мені тастап кетпесе екен», – деп жырлайды.
Осылайша DtMF TikTok-та ностальгия гимніне айналды. Пайдаланушылар өз бейнежазбаларында өмірді бағалауға шақырып, балалық шақтағы естеліктерді бөліседі, өмірден өткен жақындарын еске алады. #dtmf хештегімен ең көп қаралған жазбаның 1 миллион лайк пен 4 миллионнан астам қаралымы бар. Бейне авторы @mirisilly Бэд Банниге адамдарды біріктіргені үшін алғыс айтады. «Біздің мәдениетіміз әртүрлі, бірақ сезімдеріміздің тілі ортақ», – деп жазады ол.
@mirisilly7 United by the feelings #badbunny #dtmf #culture #feelings #fyp ♬ sonido original - 𝙅