IMAGE Дом Одри Хепберн | Knight Frank

«Тиффанидегі таңғы ас» киносының жұлдызы Одри Хепберннің Швейцариядағы үйі $21 млн сатылып жатыр

Голливудтың мәңгілік символы, нәзіктік пен талғампаздықтың үлгісі саналатын Одри Хепберннің Швейцариядағы үйі жаңа иесін күтіп отыр. Егер $21 миллион болса, аты аңызға айналған актрисаның сүйікті мекеніне ие бола аласыз.

Женевадан небәрі жарты сағаттық жерде орналасқан Толоченаз қаласында Одри 1963 жылы XVIII ғасырда салынған ғажайып вилланы сатып алып, дәл осы жерде өмірінің соңғы 30 жылын өткізді. Ол үйін ерекше жылы сезіммен La Plaisible деп атады, француз тілінен аударғанда «тыныш жер» дегенді білдіреді.

Актрисаның ұлдары анасының көзі тірісінде қастерлі болған бұл үйді кейінірек ECH Ltd компаниясының басшысы Жан-Марк Бужолин мен оның жары Катаринаға сатқан болатын. Катаринаның айтуынша, Одри Хепберн – оның бала кезінен бергі сүйікті әртісі. Осы махаббаттың арқасында Бужолиндер вилланың тарихи келбетін сақтауға барынша тырысқан.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 7 Knight Frank
Фото 2 из 7
Фото 3 из 7
Фото 4 из 7
Фото 5 из 7
Фото 6 из 7
Фото 7 из 7

Блумбергтің мәліметінше, үш қабатты La Plaisible вилласында 12 жатын бөлме мен 8 жуынатын бөлме бар. Едендері емен мен терракоттадан жасалған, ал үйдің сән-салтанатын айқындай түсетін бес алауошақ пен екі әсем баспалдақ интерьерге ерекше атмосфера сыйлайды. Сонымен қатар үйде үлкен кітапхана мен лифт бар.

Ең әсерлісі – ауласындағы ақ раушан гүлдерінің бұталары. Бұл гүлдерді Одриге оның жақын досы Юбер де Живанши 60 жасқа толған туған күніне сыйлаған екен. Мұнда сондай-ақ иесіне жыл бойы ләззат сыйлар 15 метрлік жылытылатын бассейн бар.

Бужолиндер үйдің жарық жүйесін, ас үйін және жуынатын бөлмелерін жаңартқанымен, La Plaisible-дің рухын өзгертпей, Одри Хепберннің тұрған кезіндегідей етіп сақтап қалған.