IMAGE Обложка альбома Asyl Müra Retro Änder, Vol. 3 | Spotify

«Асыл мұра» жобасы, стриминг платформалары және Қазақстанның музыка индустриясы туралы әңгімелейміз.

Қазақстанның музыка индустриясы әлемдік аренаға шықты. 2021 жылы Imanbek үздік ремикс номинациясы бойынша «Грэмми» сыйлығына ие болды. 2022 жылы Ким Кардашьян Instagram-да Liili-дің трегін қолданды. Қазақстандық орындаушылар музыкасын халықаралық стриминг платформаларына көптеп салып тұрады. Заманауи қазақстандық музыканттардың үздік туындыларынан құралған плейлистер де бар. «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясы Ozen музыкалық лейблының қолдауымен әзірленген Asyl Mûra жобасын ұсынды. Енді музыкалық платформаларда ретро орындаушылардың шығармалары мен қазақтың халық әндері де қолжетімді.

«Асыл мұра» – Қазақстан тарихындағы ең ірі аудиожинақ. Топтама 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық әні, 100 ертегі, 50 бесік жыры және 250 ретро хиттен тұрады. Олардың арасында Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы және Жамбыл Жабаев сынды авторлардың өздерінің орындауындағы жазбалар да бар. Жинаққа ертедегі жазбалар іріктеліп алынды. Мысалы, «Балқадиша» әнінің 24 нұсқасының ішінен Әміре Қашаубаевтың орындауындағы осыдан 100 жыл бұрынғы нұсқасы енді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Yandex Music 2010 жылы, Apple Music 2015 жылы, Spotify 2020 жылы, ал YouTube Music 2024 жылы іске қосылды. «Асыл мұра» жобасы Қазақстанның музыка индустриясының тарихымен таныстырады. Қазақтың әндері, күйлері және жыр-термелері енді 100-ден астам әлемдік стриминг платформасында қолжетімді.