IMAGE imdb

Марти Рейсманның хикаясы, Гвинет Пэлтроудың киноға қайта түсе бастауы, Тимоти Шаламенің мұрты және Marty Supreme фильміндегі басқа да қызықтарды қалт жібермеңіз

Тимоти Шаламенің мұрт өсіріп, шаш үлгісін өзгерткенін байқадыңыз ба? Жас актердің Джош Сафди мен A24 студиясының Marty Supreme атты жаңа фильміне түсіп жүргені ғой. Спорттық драма екені белгілі, басқа ақпарат жоқ. Фильм жайлы білетінімізді айтамыз.

Сюжет

Фильм америкалық үстел теннисі ойыншысы Марти Рейсманның хикаясын баяндайды. Биографиялық емес, көркем шығарма болмақ,

Марти Рейсманның шын мәнінде болған адам екенін айта кету керек. Ол — 1930 жылдың бірінші ақпанында дүниеге келген жан. 12 жасынан бастап үстел теннисіне қызығып, жертөледегі кептіргіштің жанында дайындалған екен. 40-шы жылдары ақша тігуге құмар хастлер болыпты (заңсыз әрекет ететін адам – Tatler). Кейіннен Рейман спортқа кәсіби түрде кіріседі. 1946-2002 жылдар аралығында 22 ірі атаққа ие болып, үстел теннисі бойынша әлемдік чемпионаттардан бес рет қола медаль алып шығады. Ерекше ойын стиліне қарай оны «Ине», «Үстел теннисі сиқыршысы» деп те атапты. Спортшы 67 жасында 1997 жылғы хардбат бойынша Ұлттық АҚШ чемпионатының жеңімпазы атанған. Сөйтіп, ең қарт ойыншы әрі Table Tennis Nation ұйымының негізін қалаушы болып тарихта аты қалған. Ұйым құрылғаннан бері екі жыл өткен соң, 82-ге келген Марти Рейсман қайтыс болады. Жүрек және өкпе ауруларының асқынуы себеп болған сыңайлы. Рейсманның хикаясы The Money Player: The Confessions of America's Greatest Table Tennis Champion and Hustler атты автобиографиялық кітапта баяндалады.

Түсірілім

Негізгі түсірілім 2024 жылдың 23 қыркүйегінде Нью-Йоркте басталып, желтоқсанның бесінде аяқталды. Бюджеті 70 миллион АҚШ долларын құрайтын Marty Supreme фильмі A24 студиясының ең қымбат жобасына айналды.

Сценарийіне Джош Сафди мен Рональд Бронштейн жауапты. Бронштейн Роберт Паттинсон түскен Good Time және Адам Сэндлер түскен Uncut Gems фильмдерін әзірлеуге қатысқан болатын. Тимоти Шаламе продюсерлердің бірі болды.

2019 жылы жарық көрген Uncut Gems фильмінен кейін ағалы-інілі Сафдилер жеке мансабын дамытуды қолға алады. Marty Supreme – Джош Сафдидің 2008 жылдан бері айналысқан алғашқы жеке жобасы. Бұған дейінгі жеке жобасы The Pleasure of Being Robbed атты сұлу әрі жеңілтек ұры туралы фильм еді.

Tatler Asia
IMAGE imdb.com
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE imdb.com
Tatler Asia

Актерлер

Тимоти Шаламемен қатар актерлер арасында Гвинет Пэлтроу мен Tyler, the Creator бар. Пэлтроу соңғы рет Avengers: Endgame кинокомиксіне түскен болатын, ал рэпер үшін бұл – кинодебют. Түсірілім барысында жасалған фотосуреттерге сенсек, Пэлтроу үстел теннисі ойыншысының сүйген жары болмақ. Ал Тайлер Оконме такси жүргізушісі рөлін сомдайтын секілді.

Tatler Asia
IMAGE imdb.com

Шаламенің көзі мен мұрты

MTV-ге берген сұхбатында Тимоти түсірілім біткенімен, образдан әлі шығуға болмайтынын айтты. Мұртына өзі, достары, жақындары қалай қарайтыны туралы сұраққа актер былай деп жауап берді: «Әйтеуір жақсы дейді, бірақ кім біледі». Шаламенің көзі кішілеу болып көрінуі үшін режиссер актерге линзамен қоса диоптриясы бар көзілдірік кигізіпті. Актердің көзі бұдан зардап шеккен сияқты.

Tatler Asia
IMAGE imdb.com
Tatler Asia

Шығатын күні

Marty Supreme фильмінің премьерасы 2025 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған.

Темы