«Шерткіш» маусымы: балет, жаңа жылдық шырша, дәріс сияқты іс-шараларды қайдан табуға болады

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық театрларда көптеген премьералар мен қойылымдар жүріп жатады. Арасынан ерекше көзге түсетіні, әрине, «Шерткіш» негізінде қойылған көріністер. Мұнда әлемдік жұлдыздар өнер көрсететін балет те, балаларға арналған ертегілер де, білім беретін дәрістер де бар. Қазақстанда «Шерткішті» көру үшін қайда және қашан баруға болатыны туралы әңгімелейміз.

«Шерткіш» балеті

Классикалық балет театры сахнаға Петр Ильич Чайковскийдің Мариус Петип либреттосы негізінде жазылған қойылымымен шықпақ. Екі актіден тұратын балеттің басты партияларына Санкт-Петербургтен келген халықаралық сыйлықтар лауреаттары жауапты. Петербург балет мектебінің өнеріне тәнті болу мүмкіндігі Ақтөбе (19 желтоқсан), Ақтау (21 желтоқсан), Атырау (22 желтоқсан) және Орал (13 желтоқсан) қалаларының тұрғындарына дарымақ.

Әлемдік деңгейдегі балет жұлдыздары — ҚазҰОБТ ұсынған «Шерткіш»

Бір ғана антрактісі бар спектакль ҚазҰОБТ-ның гастрольдік сахнасында қойылмақ. Қойылымға Абай атындағы ҚазҰОБТ оркестрі мен балет тобы қатысады. Бас партияларға Корольдік Ковент-Гарден театрының прима-балеринасы Ясмин Нахди мен премьері Сесар Корралес жауапты. Премьерасы 28 желтоқсан күніне жоспарланған.

Tatler Asia

П. И. Чайковский. «Шерткіш» балеті

Абай атындағы ҚазҰОБТ алаңында қойылатын, Гофман жазған ертегінің ҚР халық әртісі Гүлжан Түткібаева ұсынған нұсқасындағы классикалық балет. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Василий Вайнонен қойған хореографияға негізделген спектакль екі актіден тұрмақ. Балет қойылымын 22, 27 және 29 желтоқсан күндері тамашалауға болады.

Шерткіштің хикаялары

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры алаңында Эрнст Теодор Амадей Гофман жазған ертегіге негізделген жаңа жылдық шырша өтпек. Балалар ән мен биге толы көрсетілімге, сыйлықтарға, фотосессияға, хормен жүруге және басқа да интерактивті шараларға тәнті болады. Іс-шара 26-29 желтоқсан аралығында өтеді.

Ballet Globe ұсынған «Жұлдыздар қатысқан Шерткіш»

ҚазҰОБТ және «Астана Балет» алаңдарында Ballet Globe жаңа жылдық «Жұлдыздар қатысқан Шерткіш» спектаклін қоймақ. Қойылымға Алматыда ҚР халық әртісі Гүлжан Түткібаева, ал Астанада РФ халық әртісі Алтынай Асылмұратова жауапты. ҚазҰОБТ сахнасына Михайлов театры жұлдыздары прима-балерина Анжелина Воронцова мен премьер Никита Четвертиков шығады. Астанадағы қойылымда Үлкен театр премьері Артемий Беляков пен Мариин театрының солисі Анастасия Лукина өнер көрсетеді. Алматыдағы балет 25 желтоқсанға, ал Астанадағысы 28, 29, 30 желтоқсан күндеріне жоспарланған.

Tatler Asia
IMAGE Фотограф: Дамир Юсупов

«Шерткіш» пен оның балаларға арналған нұсқасы

«Астана Балет» театрында сондай-ақ үш актіден тұратын, классикалық және балаларға арналған балет қойылымдары көрсетіледі. Спектакльдер Эренст Гофман жазған ертегінің Александр Дюма (әкесі) ұсынған нұсқасына негізделмек. Қойылымдарға РФ халық әртісі Алтынай Асылмұратова жауапты. Классикалық «Шерткішті» 19-31 желтоқсан арлығында, ал оның балаларға арналған нұсқасын 20, 21, 21 және 24 желтоқсан күндері тамашалауға болады.

Tatler Asia

«Сахна артындағы Шерткіш» арт кездесуі

Sadu Hotel Almaty-да «Аспект» білім беру жобасының жаңа жылдық «Сахна артындағы Шерткіш» дәрісі өтпек. Кәсіби дәріскер Жанна Пискунова Гофманның ертегісінің сахналық сиқырға айналғаны, Чайковскийдің туындысы, сондай-ақ «Шерткіштің» жаңа жыл символына айналғаны туралы әңгімелейді. Арт кездесу 22 желтоқсан күні өтпек.

«Шерткіш» ертегісі

Республикалық академиялық неміс драма театры ұсынған «Шерткіш» ертегісі. Көрермендерді сиқырға толы музыка, би және жаңа жылдық атмосфера күтеді. Спектакльдер 19, 25, 28 және 29 желтоқсан күндеріне, сондай-ақ 3-4 қаңтар аралығына жоспарланған.

Темы