Шэрон Ковакс ел алдына шығарда жасайтын ритуалы, армандайтын коллаборациясы және сән-салтанат туралы түсінігі жөнінде баяндап берді
Tatler Kazakhstan-ның ҚазҰОБТ-да өткен ашылу салтанатында Шэрон Ковакс өнер көрсетті. Kovacs лақап атымен танымал әнші әрі Rammstein вокалшысы Тилль Линдеманның досы өз әлсіздігі туралы ән салады. Көзге оттай басылатын образына қарамастан, Шэрон ұялшақ әрі сыпайы жан. Ашылу салтанатына екі-үш сағат қалғанда, саундчек барысында блиц-сұхбат алып үлгердік. Жоспары не шабыты жөнінде сұрақ қоюдың орнына Шэрон Ковакспен оның көзқарасы, сезімі, уайымы жайында тілдестік. Сондай-ақ 60-шы жылдарға деген махаббаты мен ел алдына шығарда қобалжудан құтқаратын ритуалы туралы білдік.