Алматыдағы мінсіз гүл композицияларын жасайтын гүл дүкендерін аралап, мейрам қарсаңындағы науқандарға шолу жасап қайттық
Сегізінші наурызға гүл сыйлау жай ғана дәстүр емес. Бұл – сөзсіз айтылатын алғыс, сүйіспеншілік пен нәзіктіктің белгісі. Дұрыс таңдалған гүлшоқтар нағыз мерекелік көңіл күйі сыйлап, көздің жауын алумен қатар ерекше естелік қалдырары сөзсіз.
Біз Алматыдағы ең стильді, трендтен қалмайтын, мінсіз гүл композицияларын ұсынар төрт гүл дүкеніне шолу жасадық. Мұндай гүлдерді сыйлағанда, олардың әсерін сөзбен емес, жүрекпен сезінесіз.
Something Else
Бұл дүкендегі әр композиция – минимализм мен батыл түстердің үйлесімі. Дүкеннің негізін қалаушылар Еуропада тәжірибе жинақтап, Нью-Йорктің Saipua гүл фермасында шеберлігін шыңдаған. Сіз тек гүлді кімге сыйлатыныңыз бен оның мінез-құлқын сипаттап берсеңіз болғаны. Өз ісінің нағыз майталмандары эмоцияға толы тамаша букет жинап береді. Something else гүл дүкенінің мамандары – ниетіңізді гүл арқылы түсіндіретін «сезім аудармашылары».
8 наурызға арналған арнайы науқан: әрбір гүлшоққа Tatler журналының наурыз айындағы нөмірі сыйлыққа қоса беріледі.
Бағасы: 15 000 тңг басталады
Мекенжайы: Байсейітова к-сі, 3, Synesthesia концепт-дүкені

