IMAGE Фотограф: Тимур Омуралиев

Ғашықтар күні қарсаңында біз көпшілікті екіге бөлетін тақырыпты көтеруді жөн көрдік: төсектес дос – плюс вайб па әлде минус вайб па?

Бір кездері Джастин Тимберлейк пен Мила Кунис басты рөлде ойнаған Friends with Benefits фильмі жарыққа шыққанда, қазақ көрермендерінің арасында сынағандары да бар, қалжыңдап «Босқа бергенше, досқа бер» деп аударып, бір күліп алғандары да бар. Бірақ бұл шынымен де еркін қарым-қатынас мәдениетінің қалыпты көрінісі ме әлде достыққа балта шабатын шешім бе?

Осы сұраққа жауап табу үшін біз Қазақстанның креативті индустрия өкілдері – әртістер, дизайнерлер, музыканттар және басқа да шығармашыл жандармен доспен төсектес болу туралы сұхбаттастық. Қатысушыларымызды теңдей бөліп, төрт қыз бен төрт жігітті шақырдық. Олар тек «иә» немесе «жоқ» деп шектелмей, өз пікірлерін кеңірек түсіндіріп, бұл тақырыпқа өз көзқарастарын білдірді.

Ал сіз доспен төсектес болуды қолдар ма едіңіз әлде, сіздіңше, бұл ұят нәрсе ме? Біздің видеоны көріп, пікірталасқа қосылыңыз!