Ең үздік корей дорамаларының топтамасын қабыл алыңыздар
«Кальмар ойындары» (Squid Game), «Мұң ханшайымы» (Queen of Tears) және «Маскадағы қыз» (Mask Girl) сияқты дорамалар қысқа мерзім ішінде әлем бойынша көрермендердің жүрегін жаулап алды. Бұл — Шығыс Азия кинематографиясының гүлденіп, тоқыраусыз қарыштап дами түсуінің айғағы. Осы жылы жарыққа шыққан жаңа комикс адаптацияларынан бастап, көпшілікке танымал сериалдардың жалғасына дейін ең үздік корей дорамаларына шолу жасадық.
Кенсонның құбыжығы (Creature from Gyeongseong)
Оқиға 1945 жылы өрбиді. Тарихи детективті триллер адамзатқа жасалған заңсыз тәжірибелердің нәтижесінде пайда болған ғажайып құбыжықтар жайлы. Ал екінші маусымында басты кейіпкер қазіргі заманғы Кореяға көшіп келіп, осы оқиғаны бастаған антикварлық дүкеннің иесі Чан Тхэ-Санның «көшірмесіне» кез болады. Олар бұрыннан шешімін таппаған мәселелерге нүкте қою үшін күш біріктіреді.

«Батыр болмасам да» (Even Though I’m Not a Hero)
Сериал жас жігіт туралы. Бас кейіпкердің отбасындағы әрбір мүшенің ерекше супер қабілеті бар. Бас кейіпкер уақытты артқа қайтара алса, анасы болашақты болжайды, ал үлкен әпкесі ұша алады. Алайда күнделікті қиындықтар мен зиянды әдеттер олардың дарындарын шектеп, қауқарсыз етеді. Бірақ жұмбақ қыз пайда болған соң, бәрі өзгеріп сала береді. Енді бас кейіпкер бұл екі жайдың байланысы мен супер қабілеттерін қалай қайтаруға болатынын анықтауы керек.