IMAGE «Үйде жалғыз» фильмі | film.ai

Home Alone фильміндегі үйдің не ерекшелігі бар?

Рождестволық фильмдердегі ғимараттардың рөлі актерлерден еш кем емес. Die Hard фильміндегі офицер Джон МакКлейн желдету жүйесін біраз аралап үлгерген, зәулім «Накатоми Плаза» ғимаратын не How the Grinch Stole Christmas-тағы әрленген үйшіктерді еске алып көріңіздерші. Хәрри Поттер туралы фильмдер сериясындағы Хогвартс мектебінің кең залдары мен сиқырға толы дастархандары да Рождество рухын бейнелейді. Алайда мерекенің басты символы болып Home Alone фильміндегі Кевин Маккаллистердің ұрыларға төтеп берген үйі қала бермек. 2024 жылдың мамырында үй сатылымға шығарылып, бір ғана апта ішінде 5 250 000 АҚШ долларына сатылды. Ішінде не бар екені және басқа да қызықтары туралы әңгімелейміз.

Ол үй өзі қайда орналасқан?

Home Alone фильміндегі бәріне таныс үй Иллинойс штаты Кук округындағы Уиннетка атты ауылда орналасқан. Нақты мекенжайы — 671 Lincoln Ave, Winnetka, IL 60093.

Конструкциясы, жобасы және ерекшеліктері

Георгиан стиліндегі кірпіш үй 1921 жылы салынып, 2018 жылы реставрациядан өтті. Шатыры битум жабынқышпен жабылған. Екі қабатты жекежайда бес жатын бөлме, алты ванна бөлмесі, кең ас үй және басқа да түрлі бөлме бар. Сондай-ақ үй жобасында ашық терраса, алауошақ, паркинг, үй кинотеатры және жертөледе орналасқан баскетбол алаңы қарастырылған.

Жер телімінің ауданы 0,53 акрды (≈21,4 сотка), ал үйдің шаршы көлемі —  9126 шаршы футты (≈848 шаршы метр) құрайды. Бір шаршы футтың құны — 575 F) АҚШ доллары. Орташа алғанда коммуналдық төлемдерге, үйге қызмет көрсетуге және басқа да жайттарға ай сайын 40 000 АҚШ доллары кетеді екен.

Tatler Asia
Tatler Asia

Маккаллистерлер әулеті мұндай үйге қалай қол жеткізді?

Home Alone фильмінің режиссері Крис Коламбус жақында берген сұхбатында бір қызық нәрсе айтып кетті — Кевиннің анасы табысты киім дизайнері болғанын хабарлады. Оны жертөледегі манекендерге қарап байқауға болады. Алайда әкесінің мансабы туралы ақпарат жоқ. Коламбусқа сенсек, ол жарнама саласында жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен қатар режиссер Питер Маккаллистердің ұйымдасқан қылмыспен айналысқаны туралы теорияны жоққа шығарды.

Tatler Asia
Tatler Asia

Кино сиқыры

Жекежай үлкен болғанымен, оған түсірілім тобы толығымен сия қоймапты. Көріністердің көбісі Нью Трьер мектебінің қараусыз қалған ғимаратында түсірілген екен. Онда арнайы екі қабатты павильон салыныпты. Үйді су басқанын бейнелейтін көріністер болса мектеп бассейнінде түсіріліпті.

Темы