IMAGE Фотограф: Дәүір Жомарт

Актер Данияр Алшынов көпке белгісіз заттар туралы әңгімелейді

Данияр Алшынов — актер, продюсер, әйелінің жұбайы, стендап-комик және жалпы жақсы адам. Оның «Эмми» сыйлығына ұсынылған француздың Infiniti сериалына түскенін атап өтуге болады. Сонымен қатар Данияр — елдегі басты артхаус режиссері Әділхан Ержановтың көп фильмдерінің бас актері. Жақында стендап әлеміне еніп, қазір ел ішінде гастрольдік сапарларға шығып жүр. Жуырда концерті Freedom Media-ға шығады. Желтоқсан айындағы нөмірімізде Даниярдың қазақстандық кино, клиптік ойлау және сөз бостандығы тақырыптарын қамтыған, терең сұхбатын жариялаған едік. Ал бүгін біз оған күлкілі (және оншалықты күлкілі емес емес), оқыс әрі оғаш блиц сұрақтарын қоямыз.

Саған «Сақиналардың әміршісі» ұнай ма, бала күніңде кейіпкерлердің образдарын сомдап көрдің бе?

Біз үшеу едік, тағдырымыз әр түрлі. Ауламыздың іші орман болатын. Бұзылған үйлердің орны тұратын, кірпіш, бетон қалдықтары шашылып жататын. Бұл жерде балалар мен қаңғыбастар ғана жүретін. Қаңғыбастар мекендейтін жерлерді «Мордор» деп атайтынбыз. Өзімізді ертегі кейіпкерлері санап, таяқтан садақ, қылыш, қалқан, сауыт жасайтынбыз. Рөл бөліскен емеспіз, алайда бір досымыздың хоббит болғаны анық. Біріншіден, бойы аласа еді. Жалпы вайбы да хоббитке тән еді, өзі жайлы болатын. Кейін бір досымыз отбасындағы қиындықтарға байланысты көшіп кетті. Біз қатты сағындық. Интернет жоқ, туыстары арқылы хат жазып тұратын. Хаттарын сол орманда отырып оқитынбыз. Романтикаға толы уақыт еді. Қазіргі кез болса, ол бізге, бәлкім, TikTok видеоларын жіберер ме еді.

Tatler Asia
Tatler Asia

Қазақстанда қашан фэнтези түсіріледі?

Тамаша сұрақ. Сол күнді асыға күтемін — фэнтези жанрындағы фильмдеріміз шығатын кезді. Бұл жанр индустрияда бәріне қызық, қазір аздап фольклордан бастап әрекет етіп жатыр. Бірақ бұл жанрдың бізде дамымауының екі себебі бар. Біріншісі — мұндай кино түсіру қымбатқа түседі. Екіншісі — біз әлі шынайы өмірден алынған оқиғаларды өзін толық түсіріп болған жоқпыз. Тарихи фильм түсіреді, алайда ол Қытай не Еуропадағыдай феноменге айнала қойған жоқ. Осының бәрінен шаршаған соң енді айдаһарлар туралы фильм түсірейік дейді. Осы эволюцияның бастапқы нүктесінде тұрған сияқтымыз.

Формула-1-дің ең үздік пилоты кім?

Жауабы жоқ сұрақ қой — пилот маңыздырақ па, әлде көлік пе? Менде жауап жоқ. Алайда дарынды пилоттар бар екені сөзсіз. Екі ұлы пилот бар: Сенна — нағыз данышпан, «Алдыңда тұрған саңылау арқылы өтіп кетуге ұмтылмасаң, осыдан былай жарысушы емессің» деген дәйексөздің авторы. Екіншісі — Михаэль Шумахер. Екеуінің де мансабы қайғылы оқиғамен аяқталды. Арасынан біреуін суырып алу қиын.

Tatler Asia
Tatler Asia

«Районы» фильмі «Рэкетир» мен «Бригада» мультиәлемінің бөлшегі ме?

Таймлайнға қарасақ, солай сияқты. 80-жылдардағы хикаялар. Бұл жылдары мектеп оқушылары болған кейіпкерлердің 90-жылдарға қарай мықты бандиттерге айналуы әбден мүмкін. «Рэкетирде» Фил («Бригададағы» — Tatler) Қазақстанға келетін көрініс бар. Оны біздің жергілікті жігіттер қарсы алып жатады. Неге олай болмасқа?

Қазақстандық авторлық киноның еш жақсылығы жоқ па?

Айталық, комедия кинофестивальдерде ең танымал жанрлар қатарында емес. Сондықтан авторлық киномыз да осындай. Комедияны әлі күнге дейін «төмен жанр» санатына жатқызады. Философиялық, терең ойды драма не трагедия арқылы жеткізу оңайырақ. Фестивальдерде режиссердің мәңгілік тақырыптарды заманауи көзқараспен қарастырғаны — бұрыннан келе жатқан мәселенің жаңа қырын айқындағаны орынды деп саналады. Жаһандық тренд. Осы орайда тарихымыз да, жалпы елдегі жағдай да қайғылы екенін ұмытпаған жөн.

Бастапқыда Қазақстан туралы сұрағым келген еді...

Қап, жақсы қойылған сұрақ. Осы елде өмір сүріп, жақсы ештеңесі жоқ деген де біртүрлі. Елімді жақсы көремін. Шынымен де бірде-бір жақсы жағы болмаса, мен мұнда тұрмас едім. Көшіп кететін мүмкіндік көп болды, бірақ мен басқа жерде өмір сүре алмайтынымды білемін. Ирония сонда жатыр, елдің жақсылығын тек шетелге шыққанда ғана түсінесің. Отанымды жақсы көремін, демек, мұнда жақсы дүниелер бар, тек кейде нашар нәрселерге көз жұмуға тура келеді.

Өз-өзіңнен қалай «кринж» болмауға болады?

Ең алдымен бұл жайлы ойламау керек деп ойлаймын. Бірдеңе жасап шығарсаң, «кринж» дейтін адам табылады. Жүрегіңе құлақ асып, не айтқың келетінін түсіну керек. Мысалы, әзілдің әлі сөзге айналмаған, бірақ күлкілі идеясын тани білу маңызды. Он рет сәтсіз әзілдеп, дұрыс сөзді сосын бірақ табатын жағдайлар да болады. Өз-өзіңнің, образыңның, тұлғаңның тұтқынына айналғаның, өмірге әкелген кейіпкеріңнің өзіңнен асып түскені — нағыз «кринж» деген сол.

Tatler Asia
IMAGE Фотограф: Дәүір Жомарт

Авторы

Фотография  

Дәүір Жомарт

Темы