IMAGE imdb.com

«Уоллес пен Громит» жайлы жаңа мультфильм: зұлым кейіпкер және франшизаға арналған лайв-экшен туралы қызықты деректерді тізіп шықтық.

Мереке күндері жанұямен бірге не көруге болады деп ойлап жүрсеңіз, Netflix-те Aardman студиясының су жаңа туындысы шыққанын хабарлаймыз. «Уоллес пен Громит: Қанаттының кегі» (Wallace & Gromit: Vengeance Most Fowl) атты мультфильм — отбасымен көруге толықтай лайық шығарма. 

Сюжет не туралы? 

Уоллес өзінің үнсіз әрі адал досы Громитке және өзіне қолқабыс етсін деген ниетпен ақылды ергежейлі робот ойлап табады. Алайда көп ұзамай түрмеден зұлым адам кейіпті пингвин қашып шығып, өнертапқыштың жаңа туындысын бұзып, қаланың быт-шытын шығарады. Енді достардың міндеті — қанатты қылмыскерді тоқтату. Осы мультфильмнің шығуына орай біршама қызықты деректерді жинап қойдық.

Басты зұлым кейіпкер

Пингвиннің есімі Фезерс Макгроу. Ол — қылмыс әлемінің данышпаны және «Уоллес пен Громит» франшизасының басты антагонисі. Фезерс алғаш рет 1993 жылы шыққан «The Wrong Trousers» атты пластилинді қысқаметражды мультфильмде пайда болған. Бұл — «The Amazing Adventures of Wallace and Gromit» сериясының екінші жобасы. Онда Фезерс іздеуде жүрген ұры және ештеңеден хабарсыз өнертапқыштың көршісі рөлінде көзге түседі. Қылмыс кезінде пингвин өз басына қызыл резеңке қолғап киіп, өзін тауық ретінде көрсетеді.

Tatler Asia
IMAGE imdb.com

Рейтинг

«Уоллес пен Громит: Қанаттының кегі» мультфильмі Rotten Tomatoes сайтында 76 сыншының пікіріне сүйеніп, 100% «жаңа» деген рейтингіге ие болды. Metacritic платформасында мультфильмнің көрсеткіші 82 ұпайға тең. Туындыға 23 рецензент баға берген және олардың барлығы да оң пікір қалдырған.

Лайв-экшенге көзқарас

Франшиза авторы Ник Паркпен болған сұхбатта «Уоллес пен Громит» желісімен Disney стилінде лайв-экшен түсіру жоспары туралы сұрақ қойылды. Ол бұл сұраққа еш ойланбастан: «Мендегі жауап қысқа. ЖОООҚ. Менің ойымша, біздің фильмдер пластилин күйінде қала береді, себебі ермексаз кейіпкерлердің мінезі мен болмысы іспетті. Онсыз оларды елестету мүмкін емес. Өйткені олар осы материалдан дүниеге келген», — деп жауап берді.

Tatler Asia
IMAGE imdb.com
Tatler Asia

Жарқын болашақ

11 желтоқсанда Aardman студиясы мен The Pokémon International компаниясы 2027 жылы шығатын жаңа жобаны жариялады. Ол Pokémon франшизасына арналған мультфильм болмақ.

Темы