Ерлерге арналған пайдалы әрі ерекше сыйлықтар топтамасын жинадық

Мейлі, ер адам болсын, мейлі, әйел адамға арналсын, жаңа жылдық сыйлық есте қаларлық, пайдалы, стильді әрі ерекше дүние болғанын қалаймыз. Сыйға берген затыңызды шаң баспай, қолданыста болғаны жақсы емес пе?! Кәсіпкерлер, саяхатшылар, геймерлер, аудиофилдер — қызығушылығы алуан түрлі ерлерге арналған сыйлықтар топтамасын қабыл алыңыз.

BORK сақтау жүйесі

Құжат, ақша, әшекей бұйымдар, аксессуар және басқа да құнды заттарды сақтауға арналған сақтау жүйесі. Кейстің сырты табиғи италиялық былғарыдан, іші алькантарадан тігілген. Ішінде екі бөлімі бар. Бірін өз қалауыңыз бойынша қолдана берсеңіз болады. Кейстің ішінде кейстің қақпағына магниттің көмегімен жабысатын, мұқабасы былғарыдан жасалған, фирмалық BORK блокноты бар. Іші жарықтандырылған жүйе сондай-ақ аккумулятор мен биометрикалық және механикалық құлыппен жабдықталған. Кейсті сай келетін жерге бекіту мүмкіндігі де бар.

Tatler Asia
IMAGE bork.kz
Tatler Asia
IMAGE bork.kz

Ray-Ban ұсынған Meta Wayfarer смарт көзілдірігі

Көзілдірік аса кең бұрышты объективті 12 мегапиксельді камерамен, бес микрофоннан тұратын жүйемен, динамикпен және Meta AI атты ЖИ ассистентімен жабдықталып, дауыс және сенсор арқылы басқарылады. ЖИ ассистенті басқа тілдердегі сөздерді бірден аудару, QR кодтарын сканерлеу, ескертпе жазу сияқты қызметтерді қамтиды. Жад көлемі 32 ГБ көзілдірік толық қуаттандырылған жағдайда төрт сағат бойы жұмыс істейді. Көзілдірікпен бірге қуаттандыру функциясы бар қап беріледі. Бұл бұйым саяхатшылар мен блогерлерді қуантатыны анық.

Pro-Ject ұсынған T1 EVO BT винил ойнатқышы

Винилге жазылған музыка жанкүйерлеріне австриялық Pro-Ject бренді ұсынған T1 EVO BT ойнатқышын сыйлауға болады. Сапалы материалдан қолдан жасалған ойнатқыш Bluetooth таратқышымен жабдықталған. Мұнда пластик мүлде жоқ. Корпусы ағаштан, тіреу дискісі ауыр әйнектен жасалған. Осының арқасында ойнатқыштан дыбыс еш вибрация, резонанссыз, таза болып шығады.

Tatler Asia

Transparent ұсынған Small Transparent Speaker дыбыс бағанасы

Швед Transparent бренді ұсынған, корпусы мөлдір, стильді әрі шағын Bluetooth бағанасы. Шыңдалған шыны мен алюминийден жасалған. Шыққан дыбыстың сапасына фирмалық Transparent sound технологиясы жауапты. Девайсты мультирум жүйесі аясында қолдануға да болады. Интерьерге де келісе кетеді, музыка жанкүйерлерін де риза қылады.

Tatler Asia
IMAGE transpa.rent
Tatler Asia
IMAGE transpa.rent

BANG & OLUFSEN ұсынған Beoplay H100 құлаққабы

Сапалы Beoplay H100 модульді құлаққабы титан сәулелендіргіш пен студиялық санатқа сай микрофонмен жабдықталған. Шығаратын дыбысын әр адамның бас пішінінің ерекшелігіне қарай бейімдеп отырады. Амбюшуры жұмсақ бұзау терісінен, ал сенсорлы интерфейсі сырылмайтын шыңдалған шыныдан жасалған. Модульді құлаққап болғандықтан, әр бөлшегін оңай ауыстырып, жөндеп отыруға болады. 

teenage engineering ұсынған grip car

Синтезаторларымен танымал teenage engineering компаниясының мынадай минималистік мәшинесі де бар. Дизайны мен инновациялық басқару жүйесін Андерс Хермансен жобалаған. Детальдары алюминийден, тот баспайтын болаттан және резеңкеден жасалған. Дөңгелектеріне айналысын жақсартатын мойынтірек орнатылған. Ойынға да, арт-объект ретінде де қолдануға жарайды.

Tatler Asia
IMAGE teenage.engineering
Tatler Asia
IMAGE teenage.engineering

iSpace-тегі MacBook Air 13" Apple M1

MacBook Air күнделікті тапсырмаларды орындауға арналған мінсіз құрал болып қала береді. Жылдам әрі энергия тұрғысынан тиімді Apple M1 чипімен, 8 ГБ көлеміндегі жедел және 256 ГБ көлеміндегі ішкі жадымен жабдықталған. Бір толық қуаттанғаннан кейін 18 сағат бойы жұмыс істей береді. Студенттерге, оқушыларға және жұмыс істейтін адамдарға арналған, ғажап сыйлық.

Tatler Asia
IMAGE ispace.kz

Snow Peak ұсынған Takibi Fire & Grill мангалы

Жапондық Snow Peak outdoor бренді ұсынған, берік тот баспайтын болаттан жасалған, шағын мангал-трансформер. Инновациялық құрылымы, жинақтылығы, төзімділігі және қолданыста бас қатырмайтын мангал беделді Good Design Award сыйлығына ие болған.

Sony ұсынған PS5 DualSense 30th Anniversary Limited Edition контроллері

PlayStation-ның 30 жылдығына орай шығарылған DualSense контроллерінің лимиттік нұсқасы геймерлердің көңілінен шығатыны анық. Дизайны Sony-дің алғашқы, 1994 жылғы консолімен бірге шыққан контроллерінен шабыт ала отырып жасалған. Windows және Mac компьютерлерімен, сондай-ақ Android және iOS негізіндегі мобильді құрылғылармен бірге қолдана беруге де болады.

Tatler Asia

LEGO ұсынған McLaren P1 конструкторы

McLaren P1 суперкарының 1:8 масштабындағы LEGO моделі. 3 893 детальдан тұратын конструкторды құрастыруға бірнеше күн жұмсалары анық. Жинақ ішінде шын автомобильге ілінетін нөмірге ұқсас плитка да бар.

Tatler Asia
IMAGE lego.com
Tatler Asia
IMAGE lego.com

L'Occitane ұсынған Baux күтім жасау косметикасы жинағы

L'Occitane ұсынған, ерлерге арналған, таңдаулы күтім жасау косметикасы жинағы. Құрамына балқарағай мен ладан иісі шығатын душқа түсуге арналған гель, бал мен карите қосылған қолға арналған крем, аршаның эфир майы қосылған қырынуға арналған көбік және бергамот, ладан, ваниль және балқарағай иісі шығатын дезодорант кіреді.

Tatler Asia

Criterion Collection ұсынған, коллекциялық CC40 фильмдер шығарылымы

Кино сүйер қауым Criterion Collection ұсынған коллекциялық фильмдер жинағына тәнті болатыны анық. 49 дискіге жазылған 40 фильмнен тұрады. Арасында Night of the Living Dead, My Own Private Idaho, In the Mood for Love сынды танымал туындылар бар. Фильмдердің толық тізімін мына сілтеме арқылы таба аласыз.

Tatler Asia

TASCHEN ұсынған Motorcycles. 40th Ed. кітабы

Аты аңызға айналған 50 мотоциклге арналған, мерейтойлық TASCHEN кітабы. Кітапта 1957 жылғы MV Agusta 500 4C, 1894 жылғы Hildebrand & Wolfmüller, 2020 жылғы Aston Martin AMB 001 және басқа да әйгілі байктардың тарихы баяндалады. Сирек кездесетін архивті материалдар мен фотосуреттер де бар.

Herman Miller Aeron креслосы

Ыңғайлы Herman Miller Aeron креслосы — компьютер алдында көп отыратын адамдарға арналған ең күшті сыйлықтардың бірі. Инновациялық 8Z Pellicle торымен, белге тіреуге болатын PostureFit SL жүйесімен және креслоны дұрыс шалқайтуға мүмкіндік беретін Harmonic 2 Tilt механизмімен жабдықталған. Қайта өңделген материалдардан, соның ішінде мұхиттан ауланған пластиктен жасалған.

Темы