Moldanazar-дың Arbir Janga атты әні қай жерде жазылғаны, оның ерекшелігі және авторлары туралы әңгімелейміз
Ғалымжан Молданазар — қазақстандық музыкант, солист әрі Moldanazar тобының негізін қалаушы. Тобымен бірге инди-рок және синти-поп жанрларында ән шырқайды. Өнер жолына қадам басқаннан бері әртіс виолончель аспабы шеберлерінен құралған, Break of Reality атты америкалық рок-тобымен, Иван Дорнмен бірге жұмыс істеп, бірнеше отандық фильмге арнап саундтрек жазып үлгерді.
Moldanazar тобының бүгін ғана жарық көрген синглы — Arbir Janga әні барлық музыкалық платформаға жетіп үлгерді. Сондай-ақ топтың YouTube арнасында жаңа әнге түсірілген бейне баян шықты, ал Кана Бейсекеев команданың Лондонға барып, әнді қалай жазғаны туралы деректі фильм шығармақ. Moldanazar-дың жаңа Arbir Janga әнін жазу тарихы және басқа да қызық фактілер туралы әңгімелейміз.

Мағынасы
Arbir Janga әнінде Ғалымжан адамдар арасындағы байланыс туралы ой бөліседі, әр адамды жақыны — апайы/қарындасы не ағасы/інісі санайтынын айтады. Moldanazar-дың жаңа әні — бейітшілік, бірлік және гармония ұраны.