Yandex Qazaqstan-ның «Яндекс Іздеу» жүйесінде қазақстандықтардың сұрауы бойынша түзілген рейтингіге шолуды ұсынамыз.
Yandex Qazaqstan сарапшылары былтыр қазақстандықтар қандай жаңа киноларға, сериалдарға, мультфильмдерге, видео ойындарға, онлайн қызметтерге және гаджеттерге қатты қызыққанын анықтады. Компания «Яндекс Іздеу» жүйесіне 2023 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың қарашасы аралығында кеп түскен іздеу сұрауларына талдау жасап, қолданушыларға 2023 жылдың желтоқсанынан кейін ғана қолжетімді болған жаңалықтар рейтингін құрды.
Фильмдер
Ең танымал фильмдер қатарына суперқаһармандар туралы туындылар енгенімен, бірінші орынға жете алған жоқ. Мұндағы бірінші орын The Substance фильміне тиесілі, екінші орында Venom: The Last Dance пен Deadpool & Wolverine. Алғашқы ондыққа шетелдік кинолар ғана кіргенін айта кеткен жөн. Қазақстандық «Брат или брак 3» фильмі 11-орынға тұрақтапты.

- The Substance
- Venom: The Last Dance
- Deadpool & Wolverine
- Dune: Part Two
- Gladiator II
- Alien: Romulus
- Godzilla x Kong: The New Empire
- Terrifier 3
- Холоп 2
- Bad Boys: Ride or Die