IMAGE «Финикиялық жоба» фильмінен кадр | Кинопоиск

Уэс Андерсон өзінің жаңа «Финикиялық жоба» фильмінің алғашқы трейлерін көпшілікке ұсынды

Focus Features кинокомпаниясы Уэс Андерсонның жаңа картинасының алғашқы трейлерін жариялады. Фильмнің әлемдік премьерасы 30 мамырға жоспарланған.

Фильмдегі оқиға желісі 1940-шы жылдары өрбиді. Басты кейіпкер – тағдырдың жазуымен алты түрлі ұшақ апатынан аман қалған бай еуропалық Жа-Жа Корда (Бенисио дель Торо). Ол тоғыз ұлдың және Лизель есімді монах қыздың (Миа Триплтон) әкесі. Жа-Жа Корда бизнес империясын қызына тапсыруға шешім қабылдағанда, бұл шешім кейіпкерлерді шиеленіскен шпиондық ойынның ортасына апарады. Продюсерлер тобының айтуынша, бұл жоба Андерсонның осыған дейінгі фильмдеріне қарағанда терең драма мен қара түнектей жағымсыз эмоцияларға толы болмақ.

Уэс Андерсон бұл жолы сценарийді танымал сценарист Роман Копполамен бірлесіп жазса, фильмнің сазды әлемін жасау міндеті Александр Десплаға тапсырылды.

Актерлік құрам Билл Мюррей, Бенисио дель Торо, Майкл Сера, Скарлетт Йоханссон, Том Хэнкс, Брайан Крэнстон және Бенедикт Камбербэтч сынды Голливуд жұлдыздарынан құралған. 

Бұл Андерсонның өзінің көп жылдық операторы Роберт Д. Йоуменсіз түсірілген алғашқы фильмі екенін атап өткен жөн. Оның орнына «Амели» фильмінің көркемдік стилін жасаған танымал француз операторы Брюно Дельбоннель келді.

Темы