Байболова апалы-сіңлілерінің өнер көрсетуі, Баянғали Әлімжановтың жаңа кітабының тұсаукесері, сондай-ақ Ольга Примаченко мен Қайрат Жолдыбайұлымен кездесулер
Біз бұған дейін қазан айы бойы бүкіл Қазақстан бойынша өтетін Меломан/MARWIN дүкендер желісінің ауқымды BOOKFEST 2025 кітап мерекесі туралы жазған болатынбыз. Оның аясында түрлі шеберлік сабақтары, дәрістер, пікірталастар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Енді сол фестивальдің ең маңызды кездесулері мен спикерлеріне толығырақ тоқталайық.
Stand Up Astana – Зарина мен Мадина Байболовалардың кеші
Күні мен орны: 1 қазан, 19:00, KeruenCity, Астана
BOOKFEST 2025 фестивалі елдің ең танымал стендап-дуэттерінің бірі – Зарина және Мадина Байболовалардың жарқын кешімен басталады. Олардың өткір әзілдерімен және өмірге деген ерекше көзқарастарымен бөлісіп, фестивальдің көңілді атмосферасын жасайды.

Баянғали Әлімжановтың «400 тәтті тақпақ» кітабының тұсаукесері
Күні мен орны: 6 қазан, 19:00, KeruenCity, Астана
Баянғали Әлімжанов – сегіз қырлы, бір сырлы тұлға: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург, айтыскер, жыршы, манасшы, кинорежиссер және балалар кітаптарының авторы. Оның қаламынан 90-ға жуық туынды шыққан, олардың бір бөлігі әлемнің 20 тіліне аударылған. Кештің басты тақырыбы «Фолиант» баспасынан шыққан «400 тәтті тақпақ» кітабы, сондай-ақ айтыскердің басқа да жұмыстары болады.

Ольга Примаченкомен кездесу
Күні мен орны: 21 қазан, 19:00, Меломан Grand, Алматы
Ольга Примаченко – өзіңді қабылдау, ішкі әлемге қамқорлық жасау және гармонияны іздеу туралы кітаптардың авторы («К себе нежно», «С тобой я дома», «Все закончится, а ты нет» және т.б.). Кездесу аясында Ольга өз жұмыстарын жұртшылықпен талқылап, сондай-ақ жаңа идеялары мен ойларымен бөліседі.

Kemel Adam авторы Қайрат Жолдыбайұлымен кездесу
Күні мен орны: 28 қазан, 19:00, Меломан Grand, Алматы
Қайрат Жолдыбайұлы – ғалым, қоғам қайраткері, педагог, жазушы және Kemel Adam кітабының авторы. Бұл кітап жан мен тән үйлесімділігіне, тұлғалық өсуге және кемелдікке жету жолына арналған. Кеш бағдарламасында – рухани әңгіме, сұрақ-жауап және қолтаңба-сессия.

