Бьянка Цензоридің пікірінше, «жалаңаш болу – адамға тән нәрсе». Бұл туралы ол әйел денесін зерттеу туралы өзінің фильмінде айтады.
Фильмнің тұсаукесері Лос-Анджелесте 23 ақпан күні өтті. Фильмді италиялық перформанс-суретші Ванесса Бикрофт режиссерлік етіп, Канье Уэст продюсер ретінде қолдау көрсетті. Бұл туынды әйел денесін «көрсетуге лайық нәрсе» ретінде ұсынуды мақсат етеді, жалаңаштық пен әдепсіздік туралы түсініктерді зерттейді. Фильм «жалаңаштықтан ұялу табиғатқа жат» және «әдепсіздік біздің санамызда ғана» деген идеяны алға тартады. Фильм ішінара Жапонияда түсірілген. Басты рөлді Бьянка Цензоридің өзі сомдап, осы киноны «cән киносы» деп сипаттайды.
Бикрофттың шығармашылығы жалаңаштық пен әйел денесін қолдану арқылы көрерменнің реакциясы мен ой-толғауын тудыруымен ерекшеленеді. Ол жалаңаш әйелдерді көрсету арқылы нысандарды объектіге айналдыруды емес, керісінше көрерменнің сенімі мен өзін қабылдауын қозғауды мақсат ететінін атап өткен.

Туындының режиссері Ванесса Бикрофт Канье Уэстпен 2008 жылдан бері шығармашылық ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Олардың алғашқы бірлескен жобасы Лос-Анджелестегі Ace Gallery көркемөнер галереясында өткен 808s & Heartbreak альбомының тыңдалым кеші болған. Сол уақыттан бері олар бірнеше музыкалық бейнебаян, сән көрсетілімі және перформанс сияқты көптеген жобаларда бірге жұмыс істеді.
Премьераға Бьянка Цензори қара түсті ұзын көйлек пен бетін тұмшалайтын жамылғы киіп, яғни барынша жабық стильде келді. Оның қасында Канье де болды, ол қара былғары күрте мен шалбар киіп келді. Шараға рэпер The Game де қатысты.
Фильмнің жарнамалық постері әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Канье Уэст Instagram парақшасында Бьянканың жалаңаш суретін жариялап: «Менің әйелімнің өзінің алғашқы толықметражды фильмінде басты рөлді сомдағанына мақтанамын», – деп жазба қалдырды.
Әзірге фильмнің атауы мен ресми шығу күні белгісіз.