IMAGE Audi

Күш, драйв және еркіндік... Audi quattro Day қалай өтті?

Өткен демалыста Астанада автокөлік сүйер қауым үшін маңызды іс-шара Audi quattro Day өтті. Қонақтар әйгілі quattro толық жетекті қозғалтқышына жүргізілген сынақтарды тамашалап, оның бар қуатын сезіп көру мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында ел назарына quattro толық жетегінің философиясын айқындайтын көліктер – Audi Q3, Audi Q5 және оның спорттық нұсқасы SQ5, сондай-ақ жаңартылған Audi Q8, Audi Q8 e-tron және Audi A6 седаны ұсынылды.

Audi-дің ең танымал модельдері – Audi Q5 пен 354 аттың күшіне саятын V6 турбо қозғалтқышымен жабдықталған спорттық Audi SQ5-тің тест-драйвы іс-шараның басты іс-шарасына айналды. Қонақтар арнайы әзірленген трассаға шыққан автокөліктердің жүрісін, жылдамдығын, жайлылығын және олардың қалай айдалатынын сынап көріп, Audi автокөліктерінің нақты артықшылықтарына көз жеткізді. Сондай-ақ олар автокөлікті ерекше жағдайда жүргізуге қатысты құнды кеңес алды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Audi
Фото 2 из 3
Фото 3 из 3

Quattro толық жетек технологиясының түрлі жағдайдағы, мысалы, тайғақ және дымқыл жолдағы, сондай-ақ жол мүлде жоқ бағыттардағы артықшылықтары айқындалды. Quattro толық жетегі жол жағдайына қарай жетектік күшті алдыңғы не артқы оське жіберіп, қозғалыс динамикасының жоғары болуы мен курс орнықтылығын қамтамасыз етіп, жалпы жақсы тартады. Ал Audi drive select жүйесі жүргізушіге көліктің маңызды жүйелерін жол жағдайы мен қозғалыс режиміне сай баптауға мүмкіндік береді.

Audi Q5-тің құны оның қозғалтқышы мен комплектациясына қарай 25 990 000 теңгеден басталады. Мерзімі 12-ден 84 айға дейінгі несиені алғашқы жарнасыз алу мүмкіндігі де қарастырылған. 0,5%-дан 15,5%-ға дейінгі несие мөлшерлемесі несиелеу мерзіміне қарай белгіленеді. Автокөліктер мен оларды сату орындары туралы толық ақпаратты Audi-дің ресми сайтынан білуге болады.

Темы