TikTok-тың елең еткізер тағы бір тренді: жұртты жылатқан шайтанбалық оқиғасы жайлы оқи отырыңыз.
Ақпан айының басында зерттеушілер алғаш рет шайтанбалықты су астында күндізгі жарықта камераға түсіріп алды. Ол – әдетте 200 метрден астам тереңдікте, тас қараңғыда тіршілік ететін мақұлық. Алайда дәл осы көрініс «Немоны іздеу» мультфильмін дүйім жұрттың есіне түсіргендей. «Мен жарықты көремін!» – деп қуана айғайлаған Доридің «әлдебір шамға» қарай жүзіп бара жатқанын сіз де ұмытпаған шығарсыз? Сол бір эпизодта Доридің алдынан күтпеген жерден алып ауызды, өткір тісті, сұсты балық шыға келеді. Сол хикаядағыдай шын өмірде де шайтанбалық өз жемтігін жарығымен алдап өзіне жақын тартады да, шап беріп, қақпанға түсіреді. Түнек ішінде мұндай «қақпан» адамды да үркітері сөзсіз.
Ал камераға түскен балық анау айтқандай сұсты болмай шықты. Пошымы ересек адамның алақанынан да үлкен емес екенін көруге болады. Оның не себепті су бетіне шыққаны сол беті құпия. Не болса да, жаратылыс иесі бірнеше сағаттан кейін өліп қалды.
TikTok-та бұл оқиға үлкен талқыға түсіп, трендке айналды. #anglerfish хештегімен 47 мыңнан астам жазба жарияланған. Бұл сан әлі де артып келеді. Бірі таң қалып, әлемнің ақыры туралы болжам жасаса, енді бірі суреттерді бөлісіп әлек. Көпшілік балыққа жанашырлық танытып, көз жасын төгіп, осы оқиға жайлы видеоларды жүктеп жатыр. Кейбір фанаттар анимациялар жасап, комикстер салып, тіпті өмірдің жалғандығы жайында эссе жазып үлгерген.
TikTok қолданушысы @leigh44401 шайтанбалықтың жалғыздығы туралы мультфильм жариялады. Видео 47 миллион қаралым мен 14 мың пікір жинады. Автордың айтуынша, теңіз түбіндегі өзге тіршілік иелері бұл балықты шеттеткендіктен, ол жалғыз қалған-ды.
@leigh44401 ‼️‼️ TRIGGER WARNING‼️‼️‼️AI TECHNOLOGY 🤖 💜🐟🐠 She followed the light until the end 🥺 #anglerfish #devilfish #petloss #fyp ♬ cardigan - Taylor Swift
Spotify-да «Anglerfish road trip to the sun» («Шайтанбалықтың күнге сапары») атты плейлист пайда болды. Оған ең мұңды әндер жинақталды.
@warnermusicaustralia This one goes out to our favourite anglerfish 🫶🌞 we’ve all been crying in the office today #anglerfish #deepsea #journeytothesun #deepseacreatures #anglerfishteam #greenscreenvideo #ocean #sadstory #oceanlife ♬ You’re Beautiful - James Blunt
Тренд көпшілікке ауыр әсер еткен секілді. Мысалы, @oliviasmind деген TikTok қолданушысы отбасы мүшелерінің әлгі мультфильмді тамашалап, арасында әпкесінің еңіреп жылап отырған сәтін жариялаған. Әрі оны екі миллионнан астам адам көріп үлгерген.
@oliviasmind We cannot cope xxx #anglerfish ♬ original sound - OLIVIA 🧚🏼 HOPE