Lifestyle|Entertainment

Almaty Open 2025: Алматы төріндегі үлкен теннис мерекесі

Автор Егор Ходаков
02.10.2025
Александр Бублик | ATP
IMAGE Александр Бублик | ATP

Almaty Open 2025 турнирінің жүлде қоры $1 млн-нан асады

11-19 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстік астанасы аймақтағы ең ірі теннис додасы – Almaty Open ATP 250 турнирін қабылдайды. Almaty Arena корттарында әлемнің үздік ойыншылары бас қосып, көрермендерді жай ғана тартысты матчтар емес, жүлде қоры $1 млн-нан асатын, бір аптаға созылатын нағыз спорт, музыка және фестиваль мерекесі күтеді.

Қазақстан Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың айтуынша, Алматының ATP 250 сериясы турнирінің эстафетасын қабылдауы – заңдылық, себебі қазақстандық теннисінің тарихы дәл осы жерде, 1920 жылдары басталған.

Биылғы Almaty Open 2025 турниріне Карен Хачанов, Даниил Медведев, Флавио Коболли, Лучано Дардери сынды әлемдік теннис жұлдыздары келеді деп күтілуде. Ал Қазақстан намысын Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Михаил Кукушкин қорғайтын болады.

Турнирдің негізгі кестесіне барлығы 28 спортшы қатысады: олардың 18-і рейтинг бойынша тікелей жолдама алса, үшеуіне ұйымдастырушылардан wild card беріледі. Тағы үш орын Special Exempts бойынша бөлініп, қалған төрт жолдама іріктеу кезеңінің жеңімпаздарына бұйырады.

Almaty Open ATP 250 2025
IMAGE Almaty Open ATP 250 2025

Турнир қонақтары үшін тек теннис ойындары ғана емес, сонымен қатар түрлі қызықтарға толы бағдарлама әзірленген. Фан-аймақтар, интерактивті алаңдар, отбасылық ойын-сауықтар, фудкорттар және жанды музыка кештері ұйымдастырылады. Әр кеш сайын қазақстандық танымал әртістердің концерттері өтеді:
11 қазан, 16:30 (күннің соңғы матчы алдында) — M’Dee;
12 қазан, 15:00 — (ашылу салтанаты) Ирина Кайратовна;
13 қазан, 18:20 — Қайрат Нұртас;
14 қазан, 18:20 — IL’HAN, Димаш Құдайберген;
15 қазан, 18:20 — Ninety One;
16 қазан, 18:20 — Мирас Жүгінісов;
17 қазан, 18:20 — Alem.

Турнирдің негізгі серіктестерінің бірі - Beeline Janymda . спортта да, желіде де тұрақты мобильді қолдау көрсетеді.