IMAGE Mattel

Mattel компаниясы Халықаралық әйелдер күніне орай қыздарды қолдауға және жігерлендіруге бағытталған төрт ерекше достық дуэтіне арналған Barbie топтамасын шығаратынын жариялады

Mattel мекемесінің Barbie бренді мен қуыршақтар бөлімінің аға вице-президенті Криста Бергердің айтуынша: «Қыз үшін ең маңызды факторлардың бірі – оның құрбыларының қолдауы мен жігерлендіруі. ​​Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Barbie әртүрлі салалар мен мәдениеттерден шыққан әйелдердің аңызға айналған достық дуэттерін құрметтегісі келді».

Оның пікірінше, балалық шақта қалыптасқан достық қыздардың әлеуметтік және кәсіби өсуіне ықпал етіп, олардың болашағына шексіз мүмкіндіктер ашады.

Жаңа топтама бір-бірін қолдап, табысқа бірге жеткен мықты құрбыларға арналған.

Mattel таңдаған төрт ерекше дуэт:

  • Олимпиада чемпиондары, америкалық гимнасшылар: Джордан Чайлз бен Джейд Кэри
  • Британдық актрисалар: Ханна Уоддингэм мен Джуно Темпл
  • Австралиялық теннисшілер: Ивонн Гулагонг Коули мен Эш Барти
  • Бразилиялық бодипозитив қозғалысының белсенділері: Паола Антонини мен Келен Феррейра

Осыдан бір ай бұрын Barbie тағы бір дуэтке – Грэмми иегері, әнші Алиша Киз және дыбыс инженері Энн Минчиелиге  арнайы қуыршақтар шығарған. Бұл қуыршақтар әйел музыканттарды қолдайтын «She Is The Music» қайырымдылық қоры үшін аукционда сатылды.

Темы