Естеріңізге сала кетейік, «Манекен» фильмі 2025 жылғы Оскар сыйлығына ұсынылған болатын.

Лондон филармония оркестрі “Манекен” (About Mannequin) фильміне бірегей саундтрек ұсынды. “Жобада үнсіз киноның бар сиқырына куә боласыз. Ондағы музыка мен актерлік шеберлік әйелдің езгіге қарсы күресі мен ондағы үстем болған жеңісін баяндау үшін бір арнаға тоғысты”, – деді оркестрдің атқарушы директоры Дэвид Берк.

“Манекен” – дәстүр, мәдениет және отбасы құндылықтары туралы хикая. Қазақстандық режиссер Аружан Досымқожаның бұл туындысы гендерге байланысты кемсіту мәселесін көтереді. Басты рөлдерді Аянат Есмағамбетова, Санжар Мади және Арман Боранбаев сомдаған.

Қысқаметражды қара-ақ фильм “Оскар” сыйлығына ұсынылды. Оның өндірісімен Қазақстандағы алғашқы голливудтық студия – Wondersilk Studios айналысқан. Студияның продюсері әрі негізін қалаушы Марвин Пирт қазақстандық мамандардың ерекше дарынды екенін атап өтті: “Қазақстандағы контент өндірісі жарық, камера, мотор сынды қарапайым формуладан тұрады. Әлем мұны білмейді емес, біледі. Бірақ дәл Қазақстаннан үйренері мол.”