Қазақстандық «Қаш» триллерінің режиссері «Целинный» заманауи мәдениет орталығына арнап қысқаметражды фильм түсірді.
2025 жылдың көктемінде «Целинный» Заманауи мәдениет орталығы ашылмақ. Көрме, перформанс, концерт, кинокөрсетілім сынды іс-шараларды енді осы жерден таба аласыз. 1964-2014 жылдар аралығында «Целинный» кинотеатры болған ғимараттың реконструкциясы бес жылға созылды. Қайта жөндеу жұмыстарының британдық сәулетші Асиф Ханның басшылық етуімен айқарылғанын айта кетейік.
Көптен күткен ашылу салтанаты жөніндегі жаңалық режиссер Айсұлтан Сейітовтің TSELINNY атты жаңа қысқаметражды фильмімен бірге шықты. Фильм «Целинныйдың» өнердің ғана емес, сондай-ақ креаторлардың, өнер адамдарының және өнер сүйер қауымның үйі екенін көрсетеді. Түсірілімге қатысқандардың арасында дизайнер Евгения Ким (J.Kim), диджей Нәзира Қасенова, Steppe Sons музыкалық ұжымы және Қазақстан мен Өзбекстанның басқа да өнер адамдары бар.