Көрмелер, аукциондар, экскурсиялар: Singapore Art Week 2025 аясында өтетін қызықтардан құр қалмаңыз
17-26 қаңтар аралығында Сингапурда 13-ші жыл сайынғы Singapore Art Week 2025 өнер апталығы өтпек. Ауқымды он күндік аясында 130-дан астам іс-шара ұйымдастырылады. Олардың арасында жарық инсталляциялары, перформанстар, дәрістер, экскурсиялар, бағыт-бағдарлар, көрмелер және басқа да шаралар бар. Singapore Art Week 2025-ке жергілікті және халықаралық өнерпаздар қатысады. Қала-мемлекетті өнер мен мәдени алмасуға арналған динамикалық алаңға айналдыруға Ұлттық өнер кеңесі (NAC) жауапты. Singapore Art Week 2025 аясындағы маңызды деген бірнеше іс-шараға шолу жасамақпыз.
Monet Inside
Клод Моненің туындыларын қазіргі заман призмасы арқылы бейнелейтін мультимедиалық көрме. Музыкамен сүйемелденетін экспозиция суретшінің импрессионизмнен бастап, әйгілі «Құмыралар» сериясына дейін жүріп өткен жолын айқындайды.

A Master of Street Photography – Joel Meyerowitz
Көше фотографиясы шебері Джоэл Мейеровицтің көрмесі. Leica M жүйесінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған экспозиция Мейеровицтің «жарату» философиясын айқындайды.


The World of Studio Ghibli
Аты аңызға айналған жапондық Ghibli анимация студиясының шығармашылығына арналған ауқымды көрме. Келушілер My Neighbor Totoro, Kiki's Delivery Service, Spirited Away сынды жауһарлардың фантастикалық әлемдеріне тәнті болады.

La Vie en Strass: Shourouk Rhaiem
Әшекей дизайнері Шурук Рахимнің еңбектері экспозициясы. Swarovski кристалдарының көмегімен шебер қарапайым ғана заттарды жарқыраған мүсіндерге айналдырады. Көрмені жеке хикая мен ортақ естеліктер арасындағы байланысқа жасалған зерттеу деуге болады.


Louis Vuitton x Murakami
Louis Vuitton мен Такаси Муракамидің коллаборациясы негізінде құрылған интерактивті поп-ап. Кеңістік аумағында дүкен, кинотеатр, күтім жасау станциясы және кафе бар.


RORI HEE Solo Exhibition, The Journey of Self-Discovery
Суретші Рори Хидің жеке көрмесі. Қатерлі ісіктен арылған өнерпаздың ішкі дүниесінің батылдығын айқындайтын, жас кейіпкерлер мен жарқын пейзаждар бейнеленген жұмыстар ұсынылған.


An Artistic Kaleidoscope of Contemporary Art
Бағдарлама Сингапурдың динамикалық шығармашылық әлемінің көрінісін бейнелейді. Сингапурдан, Қытайдан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен шыққан суретшілердің еңбектері ұсынылған. Жоба азиялық қоғамдастықтардың көп мәдениетті болмысына қатысты түсінікті тереңдетуді көздейді.

S.E.A. Focus 2025
Заманауи Оңтүстік-Шығыс Азия өнеріне арналған көрме әрі арт-базар. Жетінші шығарылым модернизмнен заманауи өнерге өту барысында айқындалған динамикалық өзгерістерге шолу жасайды.


Singkarpor REMIXED
АйкБенг Чианың фотомұрағатына негізделген иммерсивті инсталляция. Шебердің ірі масштабты фотоколлаждары Сингапурдың туристік және тұрғын аудандарына тән тіршілікті бейнелейді.


Sotheby's Modern and Contemporary Art, Singapore
Sotheby's ұсынған заманауи өнер көрмесі әрі аукционы. Басты лоттардың бірі – индонезиялық суретші Раден Салеханың сирек кездесетін картинасы. Экспозиция Сингапур қоғамының космополиттік сипаты мен аймақтағы өнерге деген сұранысты айқындайды.

