IMAGE The Met x BAND-AID | BAND-AID

BAND-AID пен Метрополитен музейі жапон суретшісі Кацусика Хокусай мен ағылшын дизайнері Уильям Морристің еңбектері бейнеленген жапсырмалар мен дәрі қобдишаларын ұсынады.

Сұлулық құрбансыз болмайды дейді емес пе? Америкалық медициналық жапсырма өндіруші бренд BAND-AID мұны тура мағынада түсінген сыңайлы. 6 сәуір күні АҚШ-та брендтің Метрополитен музейімен бірге әзірлеген коллаборациясы жарық көреді. Жараны енді өнер туындысымен жабуға болады. Бір металл қораптан үш түрлі өлшемді 50 жапсырма шығады. Әр жапсырмаға жапон суретшісі Кацусика Хокусайдың үш еңбегінің бірі түскен. Ұсынылған еңбектердің екеуі Thirty-six Views of Mount Fuji сериясынан алынған. Айтқандай, Фудзи тауының «жабылуына» себеп болған Қазақстан азаматы туралы мақаламызды оқи отырыңыз.

Tatler Asia
IMAGE The Lake at Hakone in Sagami Province, 1830–32, Katsushika Hokusai
Tatler Asia
IMAGE The Great Wave, 1830–32, Katsushika Hokusai

Thirty-six Views of Mount Fuji – ағашты ойып жасалған 36 және қосымша он түрлі-түсті гравюрадан тұратын серия. Кішкентай және орташа жапсырмаға The Great Wave off Kanagawa мен The Lake at Hakone in Sagami Province түседі. Үлкен жапсырма көгілдір фонға салынған сары бақытгүл бейнесімен әрленбек. Аттас гравюра Кацусики Хокусайдың табиғатқа деген махаббатын айқындайды. Сондай-ақ коллаборация аясында екі дәрі қобдишасы ұсынылады. Біреуіне The Great Wave off Kanagawa, ал екіншісіне Уильям Морристің Brother Rabbit атты гобелені түседі.