IMAGE В.Эйферт | Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы

Өнертанушы Александра Кудряшова қарағандылық суретшілердің қуғын-сүргінге қарамастан өнерді қалай сақтап қалғандары туралы сөз қозғады

Өнер қашан да жәй бейнелеуден ауқымдырақ:  бастан өткен мен кешіп жатқанның естелігі. Жадыны жүйелі түрде өшіруге ұмтылған кезеңдерде өнер ерекше функцияға ие болды – ұмытылып бара жатқанды сақтап қалудың құралына айналды.

Өнер Қарағандының лагерьлері мен арнайы қоныстардағы шынайы сәттерді сол күйінде бейнелеп, бастан кешкендерін уақыттың көрнекі шежіресіне айналдырды. Кейде шығармашылық лагерь әкімшілігі көздеген мақсаттарға қызмет етті. Суретшілер басқарма кабинеттері мен күнделікті қолданатын кеңістіктерді безендіру жұмыстарына жұмылдырды. Кейде қойылымдар, концерттер немесе декорациялар әзірлеу секілді легерьлік өмірдің бөлігі де болды. Тіпті осындай жағдайларда да шығармашылықтың қайталанбас қабілетін сақтап, бұйрық шеңберінен шығып ерекше дүние бейнелеуге ұмтылды. Осы тұрғыдан алғанда, қуғын-сүргінге ұшырағандардың өнері ұмыт қалуларына төтеп беру ғана емес, сонымен бірге өткенді түсінудің бір амалы. Қоғамнан оқшауда өмір сүрген суретшілер осылай өздері жоғалтқан шындықтың мәнін қайтарды. Ауыздықтауға болмайтын нәрсені жеткізу – ерлік емес, адамдық қажеттілік.

 

Неміс модернисті Генрих Фогелер депортацияланған неміс халқының өкілі ретінде арнайы қоныста болып қайтты. Оның кейінгі шығармашылығы санасындағы өзгерістерді сипаттайды: модерннің нәзік және жарқын живописінен кейін — қатаң, ұстамды түстер сыртқы әлемді емес, оның бұзылған шекараларын бейнелейді. Фогелер үнемі табиғат тақырыптарына жүгініп отырды, ол үшін табиғат — басқасының бәрі құрдымға кеткен жағдайда тұрақтылықтың символы болып қала берді.

 

 

Tatler Asia
Г. Фогелер | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
IMAGE Г.Фогелер | Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
Г. Фогелер | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo

Это наш родной Освенцим, это наше инферно, наш ад наяву.

- Лев Премиров -

Tatler Asia
В. Эйферт | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
IMAGE В.Эйферт | Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
В. Эйферт | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo

Көркемсурет училищесінен лагерьге донос арқылы түскен Лев Премиров былай деп жазды: «әлім жеткенше бейнелеп, суреттеп отырғанның бәрі – шындық. Бұл біздің Освенцим, біздің инферно, өңіміздегі тозағымыз. Мұның бәрі қайталануы мүмкін екеніне күмәнім жоқ, олай болған күні, бұдан да қорқынышты, ұяттан бетер безген және ауқымдырақ болмақ. Себебі адам көп өзгерген жоқ, және кез келген тәрбие – өзімшілдік, немқұрайлылық пен салқын қатыгездік сіңірген жер қабатының үстіндегі жұқа жабынды ғана... Қолым, еркімнен тыс, «түрме» және «лагерь»  сөздерін жамылғы еткен сұмдықты, елестетуге және сипаттауға болмайтынның бәрін жеткізсін».

Оның шығармалары қас-қағым сәтті ғана емес, тоқырауға төтеп берер ішкі қарсылықты да білдіреді. Шығармалардың символизмі трагедияны емес, адамгершілікті жоғалту ұмтылысын тоқтатуды суреттейді. 

 

 

Tatler Asia
М. Мыслина | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
IMAGE М.Мыслина | Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
М. Мыслина | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo

ҚарЛАГ және арнайы қоныстар суретшілерінің туындылары шығармашылық қана емес, уақыт үзінділері сақталған мұрағаттар. Есте сақтау механизмдерін зерттеген Морис Халбвакс жадының басқалармен әрекеттесу арқылы қалыптасатынын атап өткен. Қамау жағдайында суретшілер өз туындыларын ажыраған тағдырлар арасындағы көпірге айналдыра отырып, жеке тұлға және ұжымды байланыстырудың жолын таба алған.

 

 

Tatler Asia
Л. Премиров | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
IMAGE Л. Премиров | Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo
Л. Премиров | Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы | Instagram @karaganda_muzei_izo

Постмодерндік философ Жак Деррида мұрағатты тек сақтау орны емес, жоғалып кетуге қарсы тұру механизмі деп атаған. Фогелер, Эйферт, Мыслина, Премировтің және басқа да көптеген репрессияға ұшыраған суретшілердің туындылары дәл осындай мұрағаттар: олар жадының өшіуіне қарсы тұрып, қалай сақталып қалғанын баяндайды. Бұл туындылар қарапайым жауаптар бермейді. Олар жұбата да, тыныштандыра да алмайды. Олай болса, олар бізге не үшін қажет? Жад барған сайын айла-шарғы жасау құралына айналып бара жатқан әлемде қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің туындылары ұмытудың қауіпті екенін еске салады. Олардың мұрасы тек қасіреттің куәгері ғана емес, сонымен бірге адамның ең қатыгез жағдайда өзін қалай сақтай алатыны туралы сабақ, өткен мен болашақ арасындағы диалог. Бір интерпретация жүгенінде қалыуымызға наразы, керісінше, рефлексия мен жаңа мағыналар ізденісін талап етеді. Кез келген басқа өнер сияқты, қуғын-сүргінге ұшыраған өнер де дайын жауап бермейді – сұрақтар қояды: айналадағының бәрі күйреп жатқанда адамгершілікті қалай сақтауға болады? Жарақат туралы клишеге айналдырмай айта алатын тілді қалай табамыз? КарЛАГ мұрасы біз үшін сынақ болып қала береді. Ол тек есте сақтауды ғана емес, сонымен қатар еркіндік туралы, адамның төзімділігінің шегі туралы, шығармашылықтың мәні туралы ойлауды талап етеді.

 

Темы