IMAGE Instagram @your.yool

Татардың дәстүріне негізделген әшекейлер мен қарапайым ғана шарлар: ерекше шырша ойыншықтары туралы әңгімелейміз

Жаңа жылдың келуіне бір аптадай ғана уақыт қалды, яғни шырша құрып, үйді безендіретін кез келді. Топтамамызда татардың фольклоры мен қазақтың оюларын ұштастырдық. Жергілікті және әлемдік брендтер ұсынған, ерекше шырша ойыншықтарын жинап қойдық.

Your Yool 

Саны шектеулі «Кара Урман» коллекциясы ойдан шығарылған Юл есімді бойжеткеннің, сондай-ақ орман мен су рухтарының фигураларын қамтиды. Ойыншықтардың детальдары татардың наным-сенімдеріне нұсқайды — «Ну орман» жаһангерлері дуадан, сырқаттан сақтайды. Суретші Марина Черномашенцева 90 шақты ерекше ойыншық жасап шығарды. Барлығы қолдан мүсінделіп, боялған.

men qazaqpyn

Қазақстандық қысқы аксессуарлар бренді шыршаны этно стилінде безендіруге көмектеседі. Мұндағы негізгі элемент — қазақтың оюы. Бұрында оюға қарап, адамның елін, беделін және қызығушылықтарын анықтауға болатын. Шырша ойыншықтары жинағы аясында тоқылған оюлар, бірнеше киіз үй, дәстүрлі шарлар және домбыра ұсынылған. Әзірше әр бұйымның бір ғана данасы бар, алайда қызығушылық танытқандар алдын ала тапсырыс беріп, ойыншықтарын өз шыршасына іле алады.

Gucci мен Venini

Премиум сегментінің брендтері күш біріктіріп, саны шектеулі рождестволық коллекция жасап шығарды. Жинақтар муран шынысынан жасалған екі шырша ойыншығынан тұрады. Venini шеберханасының дәстүріне сай жасалған шарға GG монограммасымен бәріне таныс, қызыл және жасыл түсті баумен безендірілген. Жалпы алғанда 500 ғана жинақ шығарылды.

EPIC Jewellery

Әрбір EPIC коллекциясының ары кеткенде он данасы шығарылады. Өткен жыл тематикасы айдаһарлар еді. Биылғы жаңа жылдық коллекция аясында, шығыс күнтізбесіне сәйкес, жыландар ұсынылып отыр. Бренд бес алтын жалатылған күміс ойыншық әзірледі. Мифтік жыландар. Мысалы, Майя мәдениетіндегі табиғат құдайы Кукулькан мен Үндістандағы Дхарма сақтаушысы Наги.

Твоя Ёлочка

Қонақтарынан өздері құрған шыршаға қатысты оң пікір естіген Валентина, Сергей және қыздары Марина шырша ойыншықтарын сатамыз деп шешкен екен. Маринаның қазір өз отбасы бар, алайда бала кезден бойға сіңген дәстүрді еш ұмытпайды да, өзгертпейді де. Мейлі, ол классикалық шар болсын, мейлі, ол мультфильм кейіпкерлері мен ерекше әшекей болсын, дүкеннің ассортиментінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ойыншықтар бар.

Темы